G
enby!

Иранға ауған АДАЙЛАР: Патша билігі мен аятолла режиміндегі қазақтар

Жазылыңыз https://www.youtube.com/@QalamQaz?sub...
—————————————————— Иран – 1929-1933 жылдар аралығында сталиндік режимнен қашқан 5000-ға жуық қазақтың паналаған жері болды. Бұл шығарылым отандастарымыздың жат елде қандай тіршілік кешкені туралы болмақ. Шах билігі мен Ислам революциясынан кейінгі қоғам қазақтардың өміріне қалай әсер етті? Олар салт-дәстүрін, тілін қалай сақтап қалды? Иран қазақтары тұрмысының түзелуіне Дінмұхамед Қонаевтың ықпал еткені рас па? Қазақ диаспорасының тағдыры мен сол кездегі Иранның қоғамдық-саяси, мәдени-рухани тынысы жайында белгілі ирантанушы ғалым Ислам Жеменей айтып береді. Сұхбаттың негізгі тақырыптары: Иранға ауа көшкен қазақтардың өмірі Ол жақтағы қазақтар ассимиляцияға ұшырады ма? Шах билігі кезіндегі қазақтардың тіршілігі Ислам революциясынан кейінгі қазақтар #қазақтарихы #Ирандағықазақтар #исламреволюциясы Qalam.Global сайтындағы Иран шахы Мұхаммед Реза Пехлеви туралы мақала: ӨТКЕН ҒАСЫРДАҒЫ АЙРАН-АСЫР ҚОШТАСУ ТОЙЫ Иран шахы Мұхаммед Реза Пехлевидің империяны ысырап қылғаны туралы https://qalam.global/kk/articles/otke...
Біздің әлеуметтік желі: 📌Instagram: https://www.instagram.com/qalam.globa...
📌 TikTok: https://www.tiktok.com/@qalam.global_...
📌 Threads: https://www.threads.com/@qalam.global...
00:00 – Сұхбат не жайында? 00:58 – Қазақтар неге Иранды таңдады? 06:08 – Діни көзқарастары 10:25 – Иранға адайлар ғана көшкен бе? 13:15 – Шах Реза Пехлевидің билікке келген кезі 18:12 – Мұхаммед Реза Пехлевидің таққа отырғаны қандай өзгеріс алып келді? 20:20 – Әйелдердің киімін өзгертуі 21:03 – Мұхаммед Резаның үш қателігі 27:15 – Иран Американың жүйесімен өмір сүрді 30:45 – Иранға көшкен қазақтар қандай қиындық көрді? 33:42 – Қазақтардың түрікмендерді паналауы 36:37 – Қалай күн көрді? 40:35 – Жергілікті халық әлімжеттік көрсеткен бе? 45:13 – Ислам революциясы қазақтарға өзгеріс алып келді ме? 46:47 – Иран мен Ирак соғысының қазақтарға әсері 50:00 – Ислам революциясының идеологиялық тұрғыдан әсері 51:20 – Иран әскерінде ұлттық кемсітушілік болған ба? 55:00 – Ирандағы толқуларға қатысқан қазақтар 58:00 – Қазақтардың бейімделу кезеңі қаншаға созылды? 1:00:40 – Туған жерге сағыныш 1:04:00 – Президентке айтылған ұсыныс 1:06:40 – Виза мәселесі 1:08:30 – Иран-Израиль соғысы: қазақтардың жағдайы 1:09:55 – Иранда қазір қанша қазақ тұрады? 1:11:50 – Қазақтар ассимиляцияға ұшырады ма? 1:12:40 – Иран қазақтары хиджаб кимейді 1:15:10 – Тілдің сақталуы 1:17:50 – Шах билігі мен Ислам революциясының ара салмағы 1:20:55 – Ерекшеленген қазақ тұлғалары 1:22:30 – Қазақтар алғашында ұрпақ сүйе алмаған 1:24:40 – Қонаев және қазақ диаспорасы 1:28:00 – Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Иранға барған қазақ сарбаздары 1:30:00 – Ауғанстан қазақтарының Ирандағы қандастарын паналауы 1:34:30 – Сақталып қалған салт-дәстүр 1:39:25 – Парсылардан қыз алып, қыз берген бе? Қолданылған суреттер дереккөзі: Khamenei.ir / CC BY 4.0 (https://creativecommons.org/licenses/...)
Alamy, Getty images, Wikimedia Commons

Смотрите также