G
enby!

Динамика Ньютон заңдары

Динамика – денелердiң өзара әсерлесуiн және осы әсерлесуден пайда болатын қозғалыстарды зерттейтiн механиканың бөлiмi. Динамиканың негiзiне 1687 жылы Ньютон тұжырымдаған қозғалыс заңдары жатады. 1. Инерттілік (инерция) – дененің бастапқы күйін сақтай алу қабілеті. 2. Масса - денелердiң инерттiлiгiн сипаттайтын скаляр шама. 3. Күш - денелердiң өзара әсерлесуiн сипаттайтын векторлық шама. Денелер өзара әсерлескенде келесi құбылыстар байқалады: 1.  Дене үдеу алады. 2.  Денелер деформацияланады. Ауырлық күшi - дененi жерге қарай тартатын күшке айтылады. Үйкелiс күшi - Бiр-бiрiне қатысты қозғалатын денелердiң арасында немесе бiр ғана денелердiң бөлшектерiнiң арасында пайда болатын және әрқашан қозғалысқа қарама-қарсы бағытталған күш үйкелiс күшi деп аталады. Дененің серпімді деформациялануында пайда болатын күшті серпімділік күші деп атайды.

Смотрите также