Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға Исматулла Мақсымның үндеуі
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға Исматулла Мақсымның Үндеуі Сопылық мектептің ең ірі өкілі Қожа Ахмет Яссауи (12 ғасыр) ілімін Қазақстанда жаңғыртушы, белгілі дін ғалымы Исматулла Мақсым Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға арнайы үндеу жолдап отыр. Үндеуінде дін ғалымы Исматулла мақсым ислам әлеміне жасап жатқан жұмыстары үшін Ердоған мырзаға алғыс айта отырып, Түркиядағы жаңалықтарға ризашылығын танытты. Атап айтқанда, түрік ғалымы, Ердоғанның бұрынғы кеңесшісі Аднан Тәңірбердінің 2019 жылдың желтоқсан айында өткізген жиынында хз Маһдидің келісіне дайындық қылып, алпыс бір мемлекет бас қосу қажет деген пікіріне қатысты өз ойын білдірді (geopolitica.ru сайтындағы «Эрдоган, Махди и Исламская сверхдержава» мақаласындағы мәлімет). Исматулла мақсым хз Маһдиді күту әрі ол кісінің «құдықтан» босап шығуына Ердоған мырзаны шақыра отырып, осы жұмысқа бірлікпен кірісу керектігін айтты. Және осы ойын Қазақстан, Ресей президенттеріне де айтқанын жеткізеді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға Исматулла Мақсымның үндеуі #ИсматуллаМақсым #РежепТайыпЕрдоған #Түркияпрезиденті #Имаммаһди #Имаммахди #зікір #зикир
Смотрите также
