G
enby!

Ықшамдалған таухид кітабы. 1 - бап. Таухидтің уәжіптігі мен артықшылығы. Ұстаз: Омар Теміртас.

1. Таухидтің уәжіптігі мен артықшылығы. Алла Тағала сөзінде: {Мен жын мен адамзатты Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым} (Зарият, 56). Алла Тағала сөзінде: {Расында әр үмметке: «Аллаға ғана құлшылық қылыңдар және тағуттан аулақ болыңдар» дейтін елші жібердік} (Нахл, 36). Алла Тағала сөзінде: {Раббың Өзіне ғана ғибадат етуге және атаанаға жақсылық жасауға бұйырды} (Исра, 23). Алла Тағала сөзінде: {Иман келтіріп өз имандарын зұлымдықпен араластырмағандар, міне солар үшін амандық бар және олар тура жолды тапқандар (ұстағандар)} (Әнғам, 82). Муаз ибн Жә́бәл (р.а.) былай деді: «Мен пайғамбардың صلى الله عليه وسلم артында есекке мінгесіп келе жатқанымда, пайғамбар صلى الله عليه وسلم маған: «Әй, Муаз! Алла Тағаланың құлдарындағы ақысын және құлдардың Алла Тағаладағы ақысын білесің бе?» - деп сұрады. Мен: «Алла мен Оның елшісі жақсырақ біледі», - дедім. Пайғамбар صلى الله عليه وسلم» : Алла Тағаланың құлдарындағы ақысы - құлдардың Оған ғана құлшылық қылуы және Оған еш нәрсені серік қоспауы, ал құлдардың Алла Тағаладағы ақысы - Оған ғана құлшылық қылып, еш нәрсені серік қоспаған құлын азаптамауы», - деді. Мен: «Иә, Алланың елшісі! Адамдарды осымен сүйіншілейін бе?» - дедім. Ол صلى الله عليه وسلم: «Жоқ, оларды сүйіншілеме, өйткені олар жайбарақаттылық танытар», - деді». Хадисті Бухари мен Муслим жеткізді. Ғуба́да ибн Со́мит (р.а.) айтты: Алланың елшісі صلى الله عليه وسلم» : Кімде-кім серігі жоқ, жалғыз Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдайдың жоқтығына және Мухаммад Оның құлы мен елшісі екендігіне және Иса Алланың құлы мен елшісі, әрі Мәриамға түсірген Оның сөзі мен Оның (тарапынан болған) рухы екендігіне және жұмақ пен тозақ рас екендігіне куәлік берсе, Алла Тағала оны қандай амалы болса да жұмаққа кіргізеді», - деді. (Бухари, Муслим). Және сол екеуінен Итбан (р.а.) жеткізген хадисінде: «Шынында, Алла Тағала Оның жүзін қалап Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ деп айтқан адамды тозақ отына харам етті», - деген. Тирмизи́ риуаят етіп, әрі оны хасан деген хадисте Анас (р.а.) айтты: «Мен Алла Елшісінің صلى الله عليه وسلم» : Алла Тағала айтты: Әй, Адам баласы! Егер де сен Маған жерді толтыратындай күнәмен келсең, бірақ Маған еш нәрсені серік етпей жолықсаң, онда Мен саған міндетті түрде соның (күнәнің) мөлшеріндей кешіріммен келемін», - деп айтқанын естідім.

Смотрите также