Былтыр банктер 22 трлн 300 млрд теңге несие үлестірген
Қазақстан банктері бай. Бірақ бұқараға қарыз беріп, қоң жинаған сол банктер елдің экономикасына қаржы құярда тым сараң. Өйткені біздің банктер экономикаға несие бергеннен гөрі қаржылық тәуекелі төмен салаларға ақша салғанды сауап санайды. Бұл түйткілді Президент осы жолғы Жолдауында да көтерді. Көтеріп қана қоймай, Үкімет пен Ұлттық банкке шара қабылдауды тапсырды. Алмақтың да салмағы бар. Демек бұрындары қысылтаяң шақта мемлекет екінші деңгейдегі банктерге әрдайым қол ұшын беріп келді. Енді экономиканың дамуына сол банктердің өзі үлес қосуы керек. Мәселен, Мемлекет 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін бірқатар ірі банкке, соның ішінде Ұлттық қор есебінен 15 жыл мерзімге қаржылай қолдау көрсеткен. Алайда банктер сол ақшаны кері қайтармақ түгілі, әлі күнге дейін тапқан табысын айналымға салуға асығар емес. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24