G
enby!

Арайлым Рахымқызы отбасылық эстафетаны қабылдады

Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, Мәдениет саласының үздігі Арайлым Рахымқызы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауын қолдау мақсатындағы отбасылық эстафетаны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филароманиясының артисі Естай Айтқұловтың шаңырағынан қабылдап, балаларымен, жақындарымен «Қобыланды батыр» жырынан үзінді оқыды. Эстафета ары қарай Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Бағдат Самединованың, әнші Индира Расылханованың отбасыларына жолданды. Қосымша ақпарат: «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылды. Байқау республика бойынша 6-10 сынып оқушыларының арасында өтеді. Қатысушылар «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, сұрақтарға жауап береді.

Смотрите также