G
enby!

БӨДЕНЕ ЖҰМЫРТҚАСЫН КҮНДЕ ТАҢЕРТЕҢ ШИКІДЕЙ ІШСЕ НЕ БОЛАТЫНЫН ҚАРАҢЫЗ! БӨДЕНЕ ЖҰМЫРТҚАСЫНЫҢ ПАЙДАСЫ...

Баршаларыңызға Ассалаумағалейкүм! Бұл видеода "Бөдене" жұмыртқасының денсаулыққа тигізер мол пайдасы туралы білетін боласыз!. Видеоны соңына дейін қарауыңызды сұраймын, және біздің арнаға тіркелсеңіз күнделікті денсаулығыңызға пайдалы ақпараттар ұсынылады. Бөдене жұмыртқасының пайдасы... Сіз білесіз бе? Жапонияда әрбір бала күніне екі бөдене жұмыртқасын жейді. Ресей президенті Владимир Путин де оны күн сайын шикілей ішетін көрінеді. Ал, тарихқа көз жүгіртсек, Шыңғыс ханның өзі жаралы жауынгерлеріне жұдырықтай ғана бөдененің жұмыртқасын ішкізіп, аяққа тұрғызған екен. Өйткені, бөдененің еті де, жұмыртқасы да мың түрлі дертке дауа. Адамның ойлау қабілетін арттырып, ағзаны түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Ал, дәмі тіл үйіреді, әрі тойымды. Дәлірек айтсақ, кәдімгі тауық жұмыртқасына қарағанда, бір грамм бөдене жұмыртқасы құрамында А және D дәрумендері екі есе көп, деп жазады Muslim.kz. В тобындағы дәрумендер де анағұрлым, яғни алты есе, фосфор, калий және темір төрт-бес есе жоғары. Бұл диеталық өнімде мыс, кобальт, никотин қышқылы мен амин қышқылы да мол. Тағы бір дәлелденгені, бөдене жұмыртқасы тауықтардікіне қарағанда микробтардан таза келеді. Бұл ғалымдарды әлі күнге дейін қайран қалдыруда. Өнімнің ең басты ерекшелігі – өз қасиетін жоймай ұзақ сақталуында. Бөлме температурасы жағдайында айға жуық, ал тоңазытқышта 60 тәулікке дейін сақтауға болады. Ссылка на видео:    • БӨДЕНЕ ЖҰМЫРТҚАСЫН КҮНДЕ ТАҢЕРТЕҢ ШИКІДЕЙ ...   #денсаулық #ем #қазақша #жұмыртқа

Смотрите также