Гаухар Әлімбекова - Жазығым не?( текст, сөзі)🎤
#қазақшаәндер #қазақша_әндер #karaoke #karaokesongs Жазығым не, өзiңдi сүйгенiм бе? Сүйгенiм бе, отыңа күйгенiм бе? Жүрегiңнiң жұрт ұқпас сырын ұғып, Жүрегiңнiң жұрт ұқпас сырын ұғып, Ешкiмге айтпай iшiме түйгенiм бе? Қайырмасы: Жазығым не, менi әлi түсiнбеймiн, Бар ма әлде жазған бiр iсiм деймiн. Өзiң — жұмбақ, шеше алмай мен де — жұмбақ, Өзiң — жұмбақ, шеше алмай мен де — жұмбақ, Өтiп жатыр бұлдырап түсiмдей күн. Жазығым не, айтқанда бұлақ әнiң, Күлгенiн айыра алмай, жылағанын. Бар дүниенi ұмытып сенен басқа, Бар дүниенi ұмытып сенен басқа, Қалжырап кеп қасыңа құлағаным... Қайырмасы: Жазығым не, менi әлi түсiнбеймiн, Бар ма әлде жазған бiр iсiм деймiн. Өзiң — жұмбақ, шеше алмай мен де — жұмбақ, Өзiң — жұмбақ, шеше алмай мен де — жұмбақ, Өтiп жатыр бұлдырап түсiмдей күн. Күндер өтер жарқырап таң атқанда, Бiтедi-ау бұл азапты сағаттар да. Күнмен бiрге келер-ау қалқам менiң, Күнмен бiрге келер-ау қалқам менiң, Бiрақ соны тосуға тағат бар ма? Қайырмасы: Жазығым не, менi әлi түсiнбеймiн, Бар ма әлде жазған бiр iсiм деймiн. Өзiң — жұмбақ, шеше алмай мен де — жұмбақ, Өзiң — жұмбақ, шеше алмай мен де — жұмбақ, Өтiп жатыр бұлдырап түсiмдей күн.