G
enby!

САПАРБАЕВ | Кедейшілік | Қымбатшылық | Қуаңшылық | Жұмыссыздық | Вакцина | Елбасының ескерткіші

#сапарбаев #БердібекСапарбаев #НартайАралбайұлы 00:00 - Басы 01:21 -Биліктен жалыққан жоқсыз ба? 03:17 - Астана мен облыста қызмет етудің айырмашылығы қандай? 04:30 - "2 рет оқуға түсе алмаған соң мені әскерге алып кетті". 06:20 - Саяси қызметіңіз басталғанда қолдаушыңыз кім болды? 09:14 - Қазақстанда қарапайым отбасынан шыққан азамат биліктің биігіне шыға ала ма? 10:10 - Балаларын билікке сүйрейтін шенеуніктерге деген көзқарасыңыз қалай? 10:49 - Биліктің дәмі тәтті ме? 11:53 - Қазақстанда билікке жету адамға қандай мүмкіндік береді? 12:20 - Мемлекетке қызмет ету, Ұлтқа қызмет ету дегенді қалай түсінесіз? 14:48 - 2015 жылдың күзінде халықпен кездеспейтін шенеуніктерді өлтіріп сынадыңыз. Нақты кімді меңзеп айттыңыз? 16:42 - Қазір халықтан қорқатын министр мен әкімдер бар ма? 17:11 - Үкіметтің қазіргі жұмысына көңіліңіз тола ма? Қымбатшылық, қуаңшылық... 20:14 - Экс-ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаровтың отставкасына көзқарасыңыз қалай? 21:05 - 2020 жылдың 7 ақпанында Қордайда қақтығыс болды. Сіз Премьер-министрдің орынбасары едіңіз. 8 ақпанда Қордайға бардыңыз. Сол сәтте не көрдіңіз? 23:13 - 10 адам қаза тапты, 150-ге жуық адам жарақат алды. Билік мұны тұрмыстық қақтығыс деп көрсеткісі келді. Бірақ халық мұны ұлтаралық қақтығыс деді. Сіз қай тараптасыз? 24:18 - Масанчиде қазақ тілін неге менсінбеген? Мешіттерде неге қазақ тілі қолданылмаған? Әскерге неге басқа ұлт өкілдері бармаған? 26:34 - Сіз сол барғаннан 10 ақпанда Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалдыңыз. Шешім қалай қабылданды? 27:24 - Елімізде қазақтар мен басқа ұлт өкілдері арасындағы қақтығыстар көбейіп кетті. Бұл 130-дан астам ұлт пен ұлыс айрандай ұйыған мемлекетпіз деген сөздердің шындыққа жанаспайтынын көрсете ме? 30:59 - Анклавтарға қазақтарды қоныстандыру проблеманы шеше ме? 31:39 - Қазақстан Халқы Ассамблеясы бізге керек пе? 32:05 - Полицияның басты қателегі! 32:50 - Сіз өзіңізді Қазақстан билігіндегі супергерой сезінбейсіз бе? 34:43 - Ақтөбеде қытайлармен кездескенде аудармашыға "қазақ тілінде сөйле" деген ескертпеңіз хит болды. Сол сөзіңізден соң аудармашы қазақша үйренді ме, әлде қытайлар қазақша үйренді ме? 35:43 - Қазақ тілінің мәселесі неге шешілмейді? 38:31 - Әкеңіздің құрметіне ауылдың аты беріліпті. Оған сіздің қандай қатысыңыз бар? 39:33 -Ақтөбе облысы әкімі болып отырғанда әкімдікке 1,7 миллион теңгеге орындық, 500 мың теңгеге ыдыс алдырғаныңыз рас па? 39:58 - Жала жапқандарды сотқа беру ойыңызда жоқ па? 40:57 - Бір-бірін даттау қазақтың қанында бұрыннан бар дерт пе? 41:24 - Жамбыл облысы дотациялық облыс. Неге бұлай? 46:28 - Сіз 1995 жылы "Өтпелі кезеңдегі аймақтың экономикасы" деген еңбек жаздыңыз. Сол жазбалардың қазір көмегі бар ма? 47:38 - Сіз "Жамбыл облысының экономикалық өсімі 101,6%-ды құрады" дедіңіз. Бүкіл әлемде дағдарысқа болып жатқанда бұл өсім қайдан шықты ? 50:24 - Адамдардың жалақысы мен жәрдемақысы қанша пайызға өсті? 50:35 - Биыл ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. Жамбыл облысында неше ауыл әкімі сайланады? 52:12 - Сайланған ауыл әкімі бірдеңе өзгерте алады дегенге сенесіз бе? 53:36 - Сіз үшін Үкіметтен бюджет алу басқа әкімдерге қарағанда оңай ма? 54:04 - Сізді Кенесары ханға ескерткіш орнатудың орнына 305 млн-ға «Қазақ еліңе мың алғыс», «Біз біргеміз» монументтерін орнатты деп әлеуметтік желі қолданушылары сөкті. Бұған не дейсіз? 55:39 - Елбасына арнап Астанада және Түркістанда ескерткіштер ашылды. Сіздің көзқарасыңыз қалай? 56:45 - Ресей саясаткерлері Қазақстанға ақпараттық шабуылды бастады ма? 59:14 - Қазақстан халқы кедей ме? 01:00:07 - Қазақстандықтар неге Дубайдағы арабтар сияқты өмір сүрмейді? 01:01:15 - Қазақстандағы жұмыссыздықтың себебі неде? 01:02:59 - Қымбатшылық үшін бүкіл Үкіметті отставкаға жіберсек мәселе шешіле ме? 01:04:23 - Неге көпбалалы аналардың мәселесі әлі толық шешілмей келе жатыр? 01:07:00 - 2019 жылы көпбалалы аналарға жер беру мәселесін көтердіңіз. Бұл бастама сөз жүзінде ғана қалды ма? 01:07:39 - Митингке деген көзқарасыңыз қалай? 01:10:47 - Сіздің вакцина алуыңыз үлкен шу болды. Өтірік деп. Сол сынды қалай қабылдадыңыз? 01:11:33 - Көпшіліктен көңіліңіз қала ма? 01:11:50 - Қордайдағы зауыт қашан ашылатын болды? 01:14:52 - 2019 жылы сізді Ақтөбе халқы шапан жауып, бата беріп, өлең оқып шығарып салды. Халық шенеунікті жақсы көру үшін не істеу керек? 01:17:32 - Кадрлеріңіздің ішінде жастар көп. Неге? 01:19:21 - Жалақыңыз қанша? 01:19:35 - Миллиардтардың құжаттарына қол қойып отырып қалай соның буына ұрынбауға болады? 01:20:25 - Парамен ұсталған шенеуніктерді көргенде не ойлайсыз? 01:20:45 - 19 ақпанда есеп беру жиынында сіздің трибунаңыздағы елтаңда құлады. Мұны не нәрсеге жорыдыңыз? 01:21:55 - Сіз 2016 жылы зейнетке шықтыңыз. Өзіңіз бір күні СТОП дейсіз бе, әлде Ақорданың шешімімен ғана кетесіз бе қызметтен? 01:22:42 - Әке болуға, ата болуға уақытыңыз қала ма? 01:23:11 - Сіздің буынның қандай қателігі бар? 01:24:25 - Қазір жақсы өмір сүру үшін шетелге көшу керек дейтін сөз жастар арасында көп айтылады. Көзқарасыңыз қалай? 01:27:07 - Бүгінгі күннің батыры кім?

Смотрите также