Балама хат - Жамбыл Жабаев
Балама хат - Жамбыл Жабаев Хатыңды , ботам , оқыдым, Халіңді білдім сапардан. Қуанып саған отырмын Гвардеец атанған. Сұраншы ,Саурық секілді Болыпсың , балам , қаһарман : Қайтармай жаудан бетіңді, Қаптаған қолға қасқарған . Жазыпты сәлем достарың , Сөздері семсер секілді Құрыштан құрап қақталған ; Қыруар елден тоғысып Жігіттер еді аттанған.