Өңір республика бойынша өнеркәсіп саласында алғашқы ондықтың қатарында
Өңір республика бойынша өнеркәсіп саласында алғашқы ондықтың қатарында. Соңғы жылдары әсіресе өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып, аймақтағы экономикалық белсенділік айтарлықтай артты. Осы оң өзгерістер аясында, кәсіпкерлік субъектілері мен ұйым өкілдерінің қатысуымен бірыңғай есеп беру күні ұйымдастырылды. Басқосудың мақсаты — кәсіпкерлер арасында заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік бақылау-қадағалау саласындағы жаңа тәсілдерді түсіндіру.