Әлемді мойындатқан арулар оралды
Әлемді мойындатқан аруларымыз Алматыға келді. Англияның Ливерпуль қаласындағы бокс бәсекесінде топ жарған жерлестерімізді Халықаралық Алматы әуежайынан туған-туыстары мен спортшылар, әскерилер және жанкүйерлер сән-салтанатымен күтіп алды. Алтыннан, күмістен және қоладан алқа таққан боксшыларға алматылықтар гүл шоқтарын ұсынды. Ұлттық дәмнен ауыз тиген әлем чемпиондары жарыстағы әсерлерін айтты. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24