Жасанды интеллект дертті ерте анықтайды
Шығыс Қазақстан облысында медицина саласын жасанды интеллект технология көмегімен ілгерілету қолға алынды. Өңірлік онкология және хирургия көпсалалы орталығында медициналық суреттерді жіберу процесі цифрландырылды. Оларды арнайы бағдарлама сараптап, Өскемендегі дәрігерлерге бірден жолдайды. Деректер қала мен ең шалғай аудандардағы жиырма ауруханадан жиналады. Онкологиялық ауруларды тиімді емдеуде әрбір күн, сағат, тіпті минут қымбат. Сондықтан дәрігерлер қауіпті дертті диагностикалау әдістерін жеделдетуде. Қала мен алыс аудандардан түсетін рентген-суреттер тікелей онкология және хирургия орталығының мамандарына жеткізіледі. Бұрын қағазға шығарылған суреттерді Өскеменге алып келетін, оған бірнеше тәулік кететін еді. Қазір талдау нәтижелерін жасанды интеллект негізіндегі ақылды бағдарлама орындауда. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24