G
enby!

Алматыда азаматтардан ақша бопсалаған жалған полицейлер ұсталды

Алматыда азаматтардан ақша бопсалаған жалған полицейлер ұсталды Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасы қызметкерлері ЖҚАЖ сарбаздарымен бірлесіп, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, осы сылтаумен азаматтардан ақша талап еткен топты ұстады. Арнайы іс-шара барысында күдіктілерден «Полицияға жәрдемдесу отряды» қоғамдық бірлестігінің жалған қызметтік куәліктері, кісендер және ақша қаражаттары тәркіленді. Ұсталғандар өздерін есірткі полициясы қызметкерлері ретінде таныстырып, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, ақша аударымдары мен қолма-қол қаражат талап еткен. Үш күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оларды қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. «Бопсалау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Бұл – биылғы жылы өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды алдаған үшінші жағдай. Мұндай деректер қоғамның құқық қорғау органдарына деген сеніміне нұқсан келтіреді, сондықтан біз мұндай әрекеттерге қатаң тосқауыл қоямыз. Нағыз полиция қызметкерлері тек заң аясында әрекет етеді. Алматы тұрғындарына үндеу жасаймын: егер өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырған адамдардың әрекеттеріне күмәндансаңыздар, дереу 102 нөміріне хабарласыңыздар», – деді, Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев. Қазіргі таңда тергеу жалғасуда, ұсталғандардың заңсыз әрекеттерінің барлық мән-жайы анықталуда. —————————————————— В Алматы задержаны лжеполицейские, вымогавшие деньги у граждан В Алматы сотрудники Управления по противодействию наркопреступности ДП города совместно с бойцами СОБРа задержали группу лиц, которые выдавали себя за сотрудников полиции и под этим предлогом вымогали деньги у граждан. В ходе спецоперации у подозреваемых изъяты поддельные служебные удостоверения членов общественного объединения «Отряд содействия полиции», наручники и денежные средства. Задержанные представлялись сотрудниками наркополиции, угрожали привлечением к уголовной ответственности и требовали переводы и наличные средства. Все трое подозреваемых водворены в изолятор временного содержания, в отношении них судом санкционирована мера пресечения в виде ареста. Возбуждено уголовное дело по статье «Вымогательство». «Это уже третий случай за год, когда мы задерживаем группы лиц, выдававших себя за полицейских. Подобные факты подрывают доверие общества, поэтому мы жёстко пресекаем такие действия. Настоящие сотрудники полиции действуют исключительно в рамках закона. Призываю жителей Алматы: при малейших сомнениях в действиях людей, представляющихся полицейскими, незамедлительно звоните на пульт 102», - резюмировал начальник Управления по противодействию наркопреступности ДП Алматы Мурат Жумабаев. Расследование продолжается, устанавливаются все обстоятельства противоправной деятельности задержанных.

Смотрите также