“Сенім арту - жетістік кепілі” тақырыбында әкелермен дөңгелек үстел
23 ақпан күні “Үш құдылық һәм үш қуаттылық” тақырыбында тәрбиенің онкүндігіне орай “Сенім арту-жетістік кепілі” тақырыбында 👨👦👨👧👨👧👧 әкелермен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.✨✨✨ Дөңгелек үстел барысында әр отбасындағы әкенің рөлі, отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы ретінде 🖍🖍🖍постер қорғалды. Сонымен қатар ситуациялық сұрақтар арқылы әр әке балаға берер тәрбиесі туралы өз ойларын ортаға салды. Шара соңында әкелеріміз 🏠🏠🏠“Киелі шаңырақ” арқылы шарадан алған әсерлерін, 📝📝📝жылы лебіздерін білдірді. Дөңгелек үстелге қатысқан әкелерімізге алғыс білдіреміз.💥💥💥 Ұйымдастырушылар: Сырбаева С.М., Кужахметова А.С., Коныратбаева А.Ж., Ажибаева Г.У.