Түркістан облысында кәсіпкер суды жауып тастап, 6 ауыл ағын су таппай шығынға батты
Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты алты бірдей ауыл халқы ағын су таппай, алқабын қуратып, шығынға батып отыр. Айтуларынша, Бөржар бұлақтың басында балық шаруашылығымен айналысамын деген кәсіпкер су көздерін жауып тастаған. Ернеуінен аса ағатын атыз суын кемітіп қана қоймай, үстінен тіпті, демалыс орнын салып, шомылатын бассейн жасап алған деп көпшілік налиды. Осылайша, ауылдарға ағып баратын екі бірдей арықты өзіне бұрып, тіршілік көзін бөгеп қойған дейді. Енді соның салдарынан екі мыңнан астам алқап қурап барады екен. МАҚСАТ ЖАҚСЫБАЙҰЛЫ, тілші: – Ордабасы ауданындағы шаруа 30 гектар алқапқа қарбыз егіпті. Оның 90 пайызы судың жетіспеушілігінен осындай күйде пісіп-жетілмей қалған. Енді бірі тіпті, қурап та кетіпті. Жергілікті диқанның айтуынша, сонау мамыр айынан осы тамызға дейін алқабы 2-ақ мәрте суарылған екен. Әдетте, бүгінге дейін егістігі 6 мәрте суарылып қоюы керек еді деген Мұқан Жанқабыловтың жігері де, жоспары да құмға айналып отыр. Ала жаздай 1 жарым мың тонна қарбыз алуға ниеттенген шаруа алдындағы алқаптан тек 10 пайыз ғана өнім алғанын айтып налиды. МҰҚАН ЖАНҚАБЫЛОВ, шаруа: – 50 тоннадан аламын ба деп, істегенбіз. Суымыз болмай қалды. Әр гектарынан. 15 миллион қаражат жұмсадық. Ақшасын шығара алмай қалдық. Алты бірдей ауылдағы ағын судың тапшылығына балық шаруашылығын баптаймын деп, бұлақ көзін жапқан кәсіпкерді кінәлайды қалың қауым. Өйткені арнайы бассейін жасау үшін бастаудың бәрін бітеп тастаған дейді. ДАНИЯР ҚАЛТАЕВ, Бөржар ауылының тұрғыны: – Бастапқыда балық шаруашылығы деп ашқан. Қазір бұлардың бассейнінде ешқандай балық жоқ. Бәрін тоған-тоған қылып тастады. Сосын бассейн, қаладан келетін адамдарға демалыс аймағына айналып кетті. Ал демалыс орнының өкілдері көпшілікті тіршілік көзінен қысып жатқан жоқпыз деп ақталды. ӘЛИЯ АРАЛБАЕВА, демалыс орнының заңгері: – Ауылдың суын бөгеп жатқан жоқпыз. Ауылға мынау су бар, әрі қарай кететін екі каналы бар. Шығынға батып шырқыраған шаруалардың жайынан жергілікті әкімдік хабардар. Құзырлылардың тексеруіне қолқа салып, хат та жазыпты. Бірақ... ҚЫДЫРБАЙ СЕЙІТҚҰЛ, Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары: – Бұл бағытта біз Арал-Сырдария бассейніне, экология департаментіне және Шымкент қаласының жер қатыстарына хат жазғанбыз. Осыған нақты іс-шара керек деп. Бірақ біз нақты жауабын алған жоқпыз. Ал құзырлы деген инспекцияның да тыңғылықты тексеру жүргізуіне түрлі түйткілдер кедергі болыпты. КҮЛӘН ҚОЖАМҚҰЛОВА, Су ресурстары комитеті арал-сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары: – Балық шаруашылығы, зона отдыха деген екеуіне де рұқсаты бар шығар оның, тексеру барысында неғылады ғой. Көрдіңіз ба олардың хитростьін. 11 госактісі бар екен. 11 адамның атында, сондай. Сөйтіп, оның түбіне жете алмадық былтыр. Сосын РАУАН РАНЧ-тың проверкасын жаптық. Дегенмен, жер актілерін түгендеп, тұрғындар арызданса, тексеруді қайта бастаймыз дейді мамандар. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31 #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал