Өмірге ғашық болу [аудиокітап]. Санжар Керімбай
Өмірге ғашық болу [аудиокітап]. Санжар Керімбай Бұл жинақты не үшін шығардым? Елге қажет дүние ме? Қандай мұқтаждық болды? Осы арада бір нәрсені қатаң ескеру керек. Қазақстан 70 жыл СССР империясының боданы болды. Алаш жұрты ғасырға жуық қапаста жатты. Кремль совет адамының экзистенциялық ізденісіне мүмкіндік бермеді. Ал Батыс әлемі «Иман деген не?», «Рух деген не?», «Еркіндік деген не?», «Өмірдің мәні не?» деген сияқты экзистенциялық сұрақты академиялық алаңда еркін талқылады. Совет адамы рухани сұранысын не классикалық үлгіде (яғни дінмен) не академиялық қалыпта да қанағаттандыра алмады. Адам, әманда әрбір құбылыстың ең түпкі табиғатын тура тануға талпынады. «Ар не? Өлім не? Өмірдің мәні қайсы? Неден қорқам? Неге қорқам?» деген сияқты сұрақтардың жауабын онтологиялық бағытта ізденіп, БОЛМЫСЫНАН табуға тырысады. 1991 жылы еліміз тәуелсіздік алды. Жаңа дәуірдің 15-20 жылы өтпей жатып елдің рухани тоқырай бастағаны анық көрінді. Зиялы жұрттың өзі мәңгілік бағдарын айқындай алмай қиналды. Көңілді түсініксіз үрей жайлады. Жағымсыз осы сезімнің шырмауына шатылған жас та, кәрі де өміріне көңілі толмас уайымшыл тіршілік иесіне айналды. Бұл не сонда? Бұған Батыс ғалымдары не деп жауап берді? Біз де осы салаға аздап болсын жарықтың сәулесі түсе берсін деп Батыс ойшылдарының біраз еңбегін түрлі форматта ана тілімізге аударып, беріп отырмыз. #қазақшааудиокітап #аудиокітап #өміргеғашықболу #санжаркерімбай #books #өміргеғашықболусанжаркерімбай #booktok #кітап #санжар #Өміргеғашықболу #аудиокітаптар #қазақшааудиокітаптар #тегін #тегінаудиокітап • Өмірге ғашық болу [аудиокітап]. Санжар Кер... • Қуыскеуде. Санжар Керімбай [аудиокітап] • Қуыскеуде. Санжар Керімбай [ аудиокітап] • Қуыскеуде. Санжар Керімбай [аудиокітап]