G
enby!

Астана LRT 2026 жылдың басында іске қосылатын болды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Жырға айналған LRT келесі жылдың І тоқсанында іске қосылатын болды. Яғни, астаналықтар жеңіл рельсті көлік желісінің игілігіне аттай 14 жылдан кейін қол жеткізгелі отыр. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек ресми қызыл лентасы қиылып, жолаушыға лық толы LRT алғашқы сапарын нақты қай күні жасайтынын жария етпесе де, сынақ режимі 2026 жылдың басында аяқталады,- деді. Айтуынша, күзге дейін құрылыс жұмыстары бітіп, вагондар құрамы толық елге әкелінуі тиіс. НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші: Дәл қазір ЛРТ құрылысы қарқын алған десек қателеспейміз. Өйткені, стансалар соғылып, рельстер төселіп, бетонмен бекітіліп жатыр. Міне, қазірдің өзінде рельстердің шамамен 50 пайызы, яғни 11 мың шақырымы түсіп қойған. Шенеуніктер де құрылыс жұмыстарын күзге дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Демек, екі-үш айдың шеңберінде пойыздар да жеткізілуі тиіс. Бірақ, астаналықтар «бәрі ойлағандай болады» дегенге сену қиын дейді. Әрине, елордалықтардың осыншалық күмәнмен қарауына толық негіз бар. Себебі құрылысы 14 жыл бұрын басталған нысан әлі біткен жоқ. Әрі жылжымалы құрамды да ешкім көрмеген. Сондықтан, көңілде күдік басым. Десе де, қала әкімі іс жоспарға сай жүріп жатыр, деді. Жылжымалы құрам қыркүйек айына дейін жүз пайыз қалаға жеткізілмек. ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, Астана қаласының әкімі: Пусконаладка,- дейді ғой. Ол жұмыстарға үштен алты айға дейін уақыт керек. Біздің жоспарымыз бойынша келесі жылдың І тоқсанында бұл көлік жұмысын бастайды ресми түрде. Демек, келер жылы наурыз-сәуір айларында ЛРТ алғашқы жолаушыларын қабылдап, діттеген жеріне жеткізіп салуға тиіс. Сапар «Нұрлы жол» вокзалынан халықаралық әуежайға дейін жалғасады. Айта кетейік, LRT құрылысы 2011 жылы басталып, «ЭКСПО-2017» көрмесіне дейін аяқталуы керек-тін. Бірақ түрлі себептерге байланысты бірнеше рет кейінге шегерілді. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также