G
enby!

🔥🔥🔥Бір біріне ұқсайтын ЕКІ МІНЕЗДІ адамдар бір біріне ҚАРСЫ ШЫҒАДЫ | Мартин 2024 индйиский фильм

Достар,мен сіздерге бос фильм ұсынбаймын.Бүгін біз 2024 жылы шыққан "Мартин" деген керемет киноға шолу жасаймыз.Бұл менің ойымда от фильмдердің бірі.Ондай болса басынан аяғына дейін көріңіздер.Кеттік ендеше! Кино басында белгісіз бір жігіт,Пакистандағы бір ғимаратта адамдарды атып қыра бастайды.Бәрінің бытшытын шығарады.Соңында біреуі жағаласып оған оқ атады.Сонда әлгі адам ғимараттан құлап кетеді.Бірден оны емханаға емдеуге алып кетеді.Тірі қалыпты.Содан емханадағы бір қызметкер Мустах деген кәсіпкерге қоңырау шалып,ол тірі қалды емханада дейді.Сонда Мустах,тірі бола берсін.Алайда оның денесіне екпе беріңіздер.Өзінің кім екенін білмей жүрсін дейді.Артынан бізге Пакистанның түрмесін көрсетеді.Түрме бастығына бір қызметкер келіп,бізге ерекше қылмыскер келе жатыр дейді.Ол жайлы тіпті басқа түрмедегі адамдар да естіп дайындалуда.Сөйтсе,жаңағы адам емханада жатып,бәрінің бытшытын шығарып қиратқан.Ең соңында қызметкер адам келіп,оның артынан ұйықтататын дротик атады.Әлгісі сол өзінің кім екенін білмейді.Түрме басшысы болса оның кім екенін мүлдем білмейсіңдер ме дейді.Сонда келген қызметкер,оның кім екенін білмейміз,алайда денесінден Индия деген жазуы бар дейді.Ол мүлдем адам емес, нағыз жыртқыш біреу дейді.Жаңағы адамды түрмеге әкеледі.Түрмедегі адамдардың бәрі қарсы алып күтеді.Пакистан түрмесінің бастығы болса ол егер қатты қылмыстық жасаса,неге бізге алып келдіңдер.Атып тастау керек еді дейді.Түрмедегі адамдар болса жуынбақшы болады.Сол кезде жуынуға жаңағы адам да келеді.Түрмедегі денелі адамдар келіп өзінше тиісе бастайды.Сонда бұл жігіт өзі жалғыз бәрінің бытшытын шығарады.Сосын оларды ұстап алып,мен кіммін деп айқайлайды.Жағдайдың бәрін көріп тұрған түрме басшысы ашуланады.Түрмедегілердің біреуі сыртқа қашып далаға бірақ шығады.Осы кезде түрме басшысы жағдайды пайдаланып,бұл адамды сыртта қамап тастайды.Оған қарама қарсы екі алып жігіттерді шығарады. Өзімізге таныс американдық актер да бар.Әлгісі бері қарап,мен сені өлтіремін.Осында қаншама уақыт жаттым.Менің бостандығым сені өлтіруіме байланысты дейді.Екі алып адамдар жаңағына жан жақтан жабылады.Бірақ әлгісі болса ең соңында мына екеуін де шашып тастайды.Мен кіммін деп айқайлайды.Артынан қызметкерлер оның денесін зерттеп қарайды.Дәрігерлер,денесінен қатты дәрінің күшін табады.Соның кесірінен есін жоғалтты дейді.Психолог әйел болса бұл қылмыскермен жеке бөлмеде сөйлеседі.Сұрақтар қоя бастайды.Түрме басшысы болса бұл адамның есі қайтып келе ме деп сұрайды.Сонда дәрігер психолог,білмейміз,мүмкін келіп қалады дейді.Қылмыскер жігіт бір кезде темекі сұрайды.Сосын есіне бір жағдайлар түсіп кетеді.Ол бөлмеде тұрған адамдардың барлығын жан жаққа шашып тастайды да,сосын терезе арқылы түрмеден қашып кетеді.Кейін бұл жігіт базар ортасында жүргенде,бір бала келіп,балмұздақ аласыз ба Арджун мырза дейді. Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз! #КиноШолу #ОбзорФильмов

Смотрите также