Депутаттар киіз үйде жартылай жалаңаш билегендерді жазалауды сұрайды
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Депутаттар бірнеше күннен бері қызу талқыланып, көпшіліктің ашуын келтірген бишілерді жауапқа тартуды сұрап отыр. Пікірлерінше, қазақы киіз үйде ұлттық киім кие отырып, жартылай жалаңаш оғаш би билеу бүтін бір ұлтты қорлаумен тең. Сондықтан үш бишінің әрекетіне құқықтық баға берілгенін қалайды. Әрі домбыра, қобыз, киіз үй, ұлттық киім, ұлттық тағам секілді құндылықтарды теріс пайдаланып, мазақ ету – ұлт намысына қол сұғу, беделін түсіруге бағытталған қылмыстық әрекет деп бағаланып, жазалануы шарт деді мәжілісмендер. --------------------------------------------- Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [журналистік зерттеулер] Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: САМАТ МҰСАБАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты: – Ең сорақысы – әлгі жын-ойнақтағы үш ұзынның ортадағы «сирақты примасы» ез екен. Бұл – халқымызға қарсы мысық тілеулі, теріс ниеттілердің алдын ала жете ойластырып, қазақы дүниені, ұлттық құндылықтарды құнсыздандыруға, мазақ етуге бағытталған қасақана жаулық әрекеті деп білеміз. Тал түсте төрімізде тайраңдағаны – нағыз басынғандық. Олар бүгін төрімізде тайраңдаса, ертең төбемізде ойнамасына кім кепіл?! Сондықтан бұған көз жұмып қарап, жай қалдыра салуға болмайды. Сондай-ақ, депутат бұл бейнеролик киіз үй мен басқа да ұлттық құндылықтарға жасалған ақпараттық шабуыл деп отыр. Айтуынша, олар алдымен осы әрекеттеріне қатысты қоғамның пікірін біліп алмақ болған. Екіншіден, ЛГБТ насихатына тосқауыл қоюға арналған бастамаға ашық қарсылық көрсетуге ниеттенген. Себебі, ЛГБТ-ға қарсы петиция небәрі 2 апта ішінде 50 мың қол жинап үлгерген. Демек, бұл қозғалыс елімізге қажетсіз, әрі жат құбылыс дейді мәжілісмен. Сол үшін петиция қорытындысын қарау отырысына қоғам белсенділері мен ұлт жанашырларын белсене қатысуға шақырып отыр. Ал, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мұндай контент қоғамда алауыздық тудырып, арандатушылыққа ұрындыруы мүмкін деп санайды. Айта кетейік, бірнеше күннен бері киіз үйде бейәдеп би билеген үшеудің әрекеті қызу талқыланған. Сәл кейін биік өкше аяқ киім мен қазақы камзол кигендердің бірі жігіт деген ақпарат шықты. 21 жастағы Әлішер бұл ісін ұлттық құндылықтарды қорлау емес, жаңашылдыққа ұмтылу екенін айтқан. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық