"BARSTAR" спорт подкасты: Спорттан кейінгі өмір – чемпиондардың жаңа бағыты.
Подкастың бұл жолғы шығарылымында облысымыздың даңқты спортшылары — Грек-рим күресінен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қорлан Жақанша, ауыр атлетикадан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев және Грек-рим күресінен Азия чемпионы Асхат Ділмұхамедов қонақта болды. Сұхбат барысында олар спорттық мансап жолындағы қиындықтар мен жетістіктер жайлы, сондай-ақ қазіргі спорт саласының дамуы мен жастарға берер кеңестері туралы ой бөлісті. Спорттағы тәжірибе мен өмірлік ұстанымдар тоғысқан мағыналы сұхбат тыңдарманға шабыт сыйлайтыны анық. .
Смотрите также
