Қобыз - 4 сабақ
«Елбасы медалі» жобасының командасы «Ұлттық мұра» бағыты аясында қобыз тартып үйрену бойынша бейнесабақтар ұсынады. Қазақ халқының қастерлі аспабында ойнау дағдыларын игеру көне дәуір атмосферасына тереңдеп бойлауға көмектеседі. Қобыз үні денені босаңсытып, ойға шомып, мәселелердің шешімін іздеу жолдарына жетелейді. Бейнесабақтар аспаппен таныстырып, қобызды меңгеру негіздерін, ойнау барысында қолды пайдалану әдістерін және басқа да көптеген нәрселерді үйретеді.