G
enby!

Ақан серінің әні "Маңмаңгер", Ертай Тұрсын ұлы. Қытай Қазақтары

Әннің аты "Маңмаңгер" - атты айтып отырғанмен, әнде ең бастысы туған ел, сүйген жарға деген сағыныш сезімі шырқалады. (Ән туған жері мен елін сағынып келе жатқан адамды еске түсіреді.) Оған біріншіден "Ахау. туған елім, Балаң едім. Өзіңе осынау әнді ала келдім " деген өлең жолдары дәлел болса, екіншіден, әннің әуені де туған жер, туған елге деген сағынышты білдіріп тұр. Кейбір кәсіби әншілер кәсібилікті асыра сілтеп, айту техникасына, дыбысқа ерекше мән беріп кетеді де әннің өзекті ойы мен білдіретін сезімі қалыс қалып, әннің бойына сіңген әуелгі сезімді бұзып жібереді. оларды естіп отырып адамның туған жер, туған елге деген сағынышын сезіне алмасың. әр нәрсенің екі жағы бар. сондықтан тым кәсіби болып кеткеннің осындай кемшіл тұстары болады. Мен айтар едім кейбір кәсіби, дәстүрлі әншілер тамаша сезімннің емес, әдемі дыбыстың құлы болып кететін жайы бар.

Смотрите также