G
enby!

HTML+CSS+JS соңғы сабақ [ТЕСТ ТАПСЫРУ]

Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама НТТР (Hyper Text Transfer Protocol – гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері – интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wide Web қызметі пайда болды. WWW (World Wide Web)-ні «Дүниежүзілік өрмек», кейде қысқа түрде Web (веб) деп атайды. Web-бет – бұл мәтіннен, графикалық иллюстрациялардан, мультимедиалық нысандардан тұратын құжаттар жиынтығы. HTML гипермәтіндік тілін 1989 жылы Тим Бернерс-Ли ұсынғаны белгілі. Тегтер программалау тілдеріндегі «BEGIN END» жақша ұғымдарына жақын және жергілікті айнымалылардың HTML атауларының арасындағы амалдардың аймағын білдіреді. НТМL тілінің атқаратын қызметі. Web-беттері экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенімен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды, өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерді пайдаланады. HTML – гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді web-беттер түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды. Тегдегеніміз не? HTML тiлiнде колданылатын командалар «тег» деп аталады. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз. Web-бет туралы түсінік. Web-сайт – бір тақырып бойынша біріктірілген және гиперсілтемелер бойынша байланыстырылған құжаттар жиынтығы. Web-беттер жиынтығы, әдетте, web-бет, сайт атауы мен мекенжайы жазылған бума түрінде серверде орналастырылады. Web-құжат – тегтермен толықтырылған мәтіндік файл, оның мәтіндерін бір-бірімен байланыстыра отырып, белгілеуге мүмкіндік беретін HTML тілі. Web-сайт – екі негізгі компонентті қамтитын ақпараттық жүйе. Олар: 1) Көрсету компоненті (front-end). Оған мазмұнының көрінісі кіреді (беттер өлшемі, графика, аудио, мәтін). 2) Жүзеге асыру компоненті (back-end). Көрсету компонентіне негіз болатын сценарий, серверлік компоненттері бар кодтар жатады. Сайтты жоспарлау кезеңдері: Сайтты қандай мақсатта жасауды анықтау; Сайтта қандай ақпарат орналастыру керектігін анықтау; Қажетті ақпаратты жинақтау; Сайттың дизайнын белгілеу; Сайттың логикалық құрылымын дайындау; Сайттың физикалық құрылымын ойластыру, сайтты құрайтын бөлек файлдарды бумаларға бөліп алуды жоспарлау. Web-сайт жұмысын ұйымдастыру кезеңдері: Жоспарлау; Элементтерді жасақтау; Программалау; Тестілеу; Жариялау; Жарнамалау; Бақылау. Тестілеу – сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі. Тестілеу кезеңінде сайттың дұрыс жұмыс істеуі, оның ішінде: • сілтеменің жұмысы; • мәтіндегі қателер; • навигацияның тиімділігі; • пошта және басқа формалардың дұрыс істеуі; • графикалық файлдардың ашылуы тексеріледі.

Смотрите также