Қазақ ауылынан 500 млн $ инвестицияға: Ғалым Иманбаевтың адам сенгісіз табысы
English text is below. Ғалым Иманбаев кішкентай кезінде әкесімен бірге шалғайдағы ауылдарды аралап, Кеңес Үкіметі құлағаннан кейін құлазып қалған ауруханаларды көріп өскен бала. 8 жасында АҚШ-қа көшіп келіп, Стэнфордта "биология" және "экономика" мамандықтары бойынша бакалавриат, сосын "медицина докторы" және "MBA" бойынша магистратураны бітірген. Қазақстаннан кітап қана арқалап келген ата-аналарының оқу ақысын төлеуге жағдайы болмай, ол Стэнфорд университетінен қаржылай көмек сұрауға мәжбүр болған. Кейін жұмыс жасап, қаржы жинақтап, қос магистрлік оқуына түседі. Қазір денсаулық сақтау саласындағы венчур капиталист. Яғни, стартаптарға қаржы құятын алпауыт инвестор компанияда партнер болып жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін стартаптарға 500 млн доллар қаражат таратқан. Ғалымға ең ыңғайлы тіл - ағылшын болғандықтан, әңгіме ағылшын тілінде жүрді. Қазақша субтитр қойдық. Адам сенгісіз табандылық, жас болса да даналық, шексіз иман мен ғылымға негіздеу, қазаққа тән жылулық пен америкалыққа тән прагматизм мен еңбекқорлықты ұластырған жерлесімізбен болған сұхбат сіздерді де шабыттандырады деген ойдамыз. Бізді шабыттандырды. Қазақ тіліндегі сапалы контентті бірге қолдайық. Лайк басып, комментарий жазып, достарыңызбен бөлісіңіз. Біздің подкаст көбірек адамдардың көруіне лайықты Galym Imanbayev grew up traveling with his father to remote villages in Kazakhstan, witnessing hospitals (and entire healthcare system) left abandoned after the collapse of the Soviet Union. At just eight years old, he moved to the United States, later earning dual bachelor’s degrees in Biology and Economics at Stanford, followed by an MD and an MBA at the same university. Since his parents, who came from Kazakhstan carrying only books, could not afford his tuition, he was compelled to seek financial aid from Stanford University. Later, after working and saving money, he enrolled in a dual master’s program. Today, he is a venture capitalist in healthcare — a partner at a leading investment firm. Galym has already deployed over $500 million into startups. Since English is his most comfortable language, our conversation took place in English (with Kazakh subtitles available). In this episode, you’ll hear a story of remarkable perseverance, wisdom beyond his years, deep faith, and a mindset grounded in science. Galym blends the warmth of Kazakh roots with the pragmatism and work ethic of American culture. We believe this inspiring conversation will motivate you as much as it did us. Let’s support quality Kazakh-language content together — hit like, leave a comment, and share this episode with your friends. Our podcast deserves to be seen by more people! Also, if you are new to our channel, we have a playlist of English language episodes, check them out! You will learn more about the wonderful country we proudly call home. 0:00:00 Жаңа маусым жаңа студияда / New season, new studio 0:01:53 Ғалым Иманбаев кім? / Who is Galym Imanbayev? 0:04:48 "Денсаулық сақтау саласына қызығушылығыма Қазақстандағы балалық шағым әсер етті" / Childhood in Kazakhstan sparked my interest in healthcare 0:11:35 "Дәрігер болсам, күніне ең көбі он адамға ғана көмектесер едім. Мен болсам, әлдеқайда көп адамның өміріне оң ықпалымды тигізгім келді" / Why I didn’t become a doctor — I wanted bigger impact 0:14:25 Венчур инвестиция деген не? / What is venture capital? 0:18:20 "Америкаға көшіп келгенде рюкзагымызда Құран мен математика кітаптары ғана болды" / Moving to America with only Quran & math books 0:24:09 "Борат" фильмі шыққанда мектептегі жалғыз қазақ болу қаншалықты қиын болды? / Being the only Kazakh at school when Borat came out 0:28:00 "Отан оттан да ыстық" / One day, I will return to Kazakhstan 0:35:30 Балаларын шет елде өсіріп жатқан қазақтарға кеңес / Advice for Kazakh parents abroad 0:37:37 Ғалымның "Lightspeed Venture Partners" компаниясындағы қалтасы қаншалықты терең? / How rich is Galym at Lightspeed Ventures? 0:41:50 Сәтсіздікке ұшыраған стартапшылар әлдеқайда тәжірибелі болады / Why failed founders are more experienced 0:44:35 Ең есте қалған, керемет стартап идеялары туралы / Spotting true moonshot ideas 0:50:20 Әйгілі Theranos компаниясының фаундері, қазір түрмеде отырған Элизабет Холмс Ғалым жұмыс жасайтын компаниядан қаржы тартуға талпынған / When Elizabeth Holmes tried to raise money from us 0:53:25 АҚШ-та карьера жасауға маңызды қасиеттер туралы / Keys to career success in the U.S. 1:01:29 Американың топ университетіне түсу үшін қандай қадамдар жасаған дұрыс? / How to get into top U.S. universities 1:06:20 Күрделі сәтте не нәрсеге сүйенеді? / What keeps him strong in hard times 1:10:00 Жаратушы саған мүмкіндіктер берді. Егер оны адамзат пайдасы үшін пайдаланбасаң, сұрау болады. / The Creator gave you opportunities — how did you use them?