G
enby!

ЖАМБЫЛ АРТЫҚБАЕВ: «ШЕЖІРЕ - МӘДЕНИЕТІМІЗДІҢ КӨЗІ»

«Ой қозғау» подкастының кезекті саны тарихи зерттеудегі шежіренің мән-маңызына, шежіре мен мәдениеттің байланысына арналды. Шежірені білудегі мән, оның ұлттық санаға әсері, ұмыт болған қазақ дәстүрлері және еліміздегі топонимиялық мәселелер мен қала мәдениетін қалыптастыру төңірегіндегі пікірімен белгілі тарихшы ғалым ой бөліседі. Спикер: Жамбыл Артықбаев – тарих ғылымдарының докторы, профессор. 00:00 Кіріспе. 01:20 Шежіре дегеніміз жадта сақталған тарихи деректер. Яғни дәстүрлі тарих деп түсінген дұрыс. 02:32 «Жеті ата» жалғыз қазақта ғана емес, бізге дейінгі Еуразия көшпелілері қолданған институт. 03:38 Әр ру «Жеті ата» тәртібімен өмір сүрген уақытта өз ішінен қыз алмайды да, басқа рулармен құда болады. Бұл саяси жағынан да өте маңызды. 05:40 Империяда аз халықтардың мәдениеті ауыздықталады, тарихы тұмшаланады. 06:13 Кеңес дәуірінде шежірені неге шектеді... 08:01 Қазақ шежіресі белгілі бір уақыт мөлшерінде жүйеленіп отырады. 10:15 Насабнамада елдің бәрі 20-30 атасын жаттап жүруі мүмкін емес. 11:36 Шежіре бойынша қазақ деген атаудың шығу тарихы жайында. 13:12 Қазақ пен өзбектің айырылған жері деп Таңбалы жарды айтады. 15:55 Шежірені тарих ретінде қабылдасақ бұл ұлттық сана-сезіміміз үшін өте керекті дүние. 17:20 Бабамыз Алаш туралы аңыз. 19:07 Тарихшылар мен лингвистер арасында үлкен одақтастық болу керек. 20:18 Сармат қазақтардан бөлек, иран тектес халық па... 23:38 Қазақстанда топонимиялық мәселелер көп. 24:03 Жер-суларға, елді мекендерге атау бергенде көбіне табиғи, тарихи атауларына ерекше көңіл бөлуіміз керек. 24:45 Топонимия тарихи санаға, түп санаға бірден әсер етеді. 26:10 Астанадағы ең ескі құрылыс «Керуен сарай» деп аталған. 29:35 20 ғасырдағы қазақ поэзиясы мен философиясы біздің жете алмас шыңымыз. 30:20 Қазақтың дәстүрлері көбіне салтанатты, церемониалды болған. Бірақ жадағайланып кетті. 31:40 Қазақ мәдениетін, дәстүрлерін сақтап келе жатқан әйелдер. 32:30 Келін сәлемнің маңызы неде? 34:40 Алаш зиялы қауымы атқарған жұмысты қазіргі 21 ғасырдағы қазақ зиялылары атқару керек. 35:20 Қалалық қоғам қалыптастып келеді. Біз шығыстық мәдениетті таңдауымыз керек еді. #Шежіре #Мәдениет #Жамбыл_Артықбаев #Салтдәстүр #Тарих #Топонимия

Смотрите также