Бекжан Тұрыстың “Тағдыр жолы” қандай болды?
Бекжан Тұрыс - қазақтың руханияты мен мәдени өмірінде орны айрықша тұлға. Отыз бес жылдан астам ғұмырын театр саласына арнап, қалтқысыз қызметімен, өмірлік ұстаным-қағидасымен өскелең ұл мен қызға үлгі болып келе жатқан өнер майталманы. Тұлғалық қасиетімен, елжандылығымен талай сын сағаттарда өз позициясынан танбаған, шоқтығы биік қалпында өнердің отын маздатқан ұлт перзенті. #тағдыржолы #БекжанТұрыс #ЕлАрна #ТолқынҚабылша