Адамзаттың ең озық интеллектуал құралы – математика | Математик Дөрбетхан Сұраған | BizdinPodcast №3
Бүгінгі қонағымыз – ғалым-математик Дөрбетхан Сұраған. Бұл шығарылымда математиканың маңызы, «ықтималдық теориясы» және мыңжылдық есептер туралы сөйлестік. Сондай-ақ подкаста ғылыми математика мен мектептегі математиканың айырмашылығы, осы саладағы әйелдердің аздығы және қазақ ғалымдарының зерттеулері туралы әңгіме қозғалады. Дөрбетхан Сұраған – PhD, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Ferran Sunyer i Balaguer Prize халықаралық сыйлығының Орта Азиядағы ең жас әрі бірінші лауреаты, әлем бойынша еңбектеріне келтірілген сілтемелер саны ең көп қазақ ғалымдарының бірі. 00:00 Кіріспе 00:21 Математика не үшін керек? 03:19 Математикадан адамдар неге «қорқады»? 05:15 Мектептегі математика мен ғылыми математика байланысты ма? 06:42 Ересек жаста математиканы үйренуге бола ма? 07:46 Нобель сыйлығы неге математиктерге берілмейді? 08:58 Математика ойлап табылды ма, әлде ашылды ма? 13:15 Фибоначчи сандары. Математикадағы әдемілік 16:30 Ықтималдық теориясы. Математика мен табиғат арасындағы байланыс 23:16 π саны. Оны қай кезде қолданамыз? 25:28 Мыңжылдық есептері. Перельман неге сыйақыдан бас тартты? 28:28 Новье-Стокс теңдеуінің мәні 32:12 Мыңжылдық есептері қате құрастырылуы мүмкін бе? 33:29 30 жыл бойы мыңжылдық мәселені зерттеген қазақ ғалымы 40:11 Академик Мұхтарбай Өтелбаев зерттеуін жалғастырып жүр ме? 41:22 Дөрбетхан Сұрағанның зерттеу бағыты. Харди теңсіздігі деген не? 44:35 Математиканың қоғамдағы маңызы 47:34 Математика мен жасанды интеллектінің байланысы 50:04 Менталды арифметика керек пе? Математиктің анекдоты 55:42 Математиктер неге телефон ұстамайды? 58:34 Кейінгі кезде таңғалдырған жаңалық 1:00:17 Неге әйел математиктер аз? 1:02:58 Әйгілі Мәриам Мирзахани туралы естелік 01:05:53 Ғылыми саладағы кедергілер Подкастың аудио нұсқасы: https://podcasts.apple.com/us/podcast...
Инстаграм: @bizdin_arna https://www.instagram.com/bizdin_arna...