БҰЛ жігіт ӘКЕСІНЕ ренжіп, 1994 жылы ӘКЕСІНІҢ ҚИЫНДЫҚ көрген жылына АУЫСАДЫ | Заман Back 2024 фильм
Әссәләму әлейкум достар. Бүгін біз 2024 жылы шыққан "Заман back" деген керемет қазақша киноға шолу жасаймыз.Өзіміздің отандық киномыз өте тамаша шығыпты.Ондай болса бейнемізді аяғына дейін көрейік.Кеттік.... Кино басында Азат деген басты кейіпкерді көреміз.Өзі компьютерлік ойындарды жақсы көреді.Анасы келіп нанға барып келші деп өтініш білдіреді. Азат болса қиналып,әзер көніп нанға барады.Жолда келе жатса,бір танысы джиппен келе жатады.Менің әкем әперді деп қояды.Азат болса,менің де әкем сондай болса ғой деп қалады.Жұрттың ата анасына қызыққан Азат қайтып үйіне келеді.Анасы артынан дастархан жаяуға көмектесші деп өтініш білдіреді.Себебі бүгін қонақтар келеді дейді.Азат болса әкесі мен анасының үйлену тойындағы суретін көріп,бұл қателік болды дейді.Анасына қарап неменеге әкеге тұрмысқа шықтыңыз,несіне қызықтыңыз дейді.Қазір бүкілін сіз істеп жүрсіз,ол үйде жатады,ештеңе істемейді дейді.Басқа жақта сол Жақсылық деген әкесі болады.Ол болса сол ұлын жұмысқа кіргізгісі келеді.Ол үшін Сарсен деген досымен сөйлесу керек.Азат болса әкесімен дұрыс сөйлеспей кетіп қалады.Артынан осы үйге күтіп жүрген қонақтары келеді.Төрдегі бір орын бар еді.Оны Жақсылық ағамыз ешкімге бергісі келмейді. Наргиз деген бір құрбылары келу керек еді,бірақ ол кешігіп бір екі күннен кейін келеді дейді.Соның қызы бар еді,келін қылсақ па деп едім дейді.Оған Азат ашуланып,қойыңыздаршы,мен басқа қыз тауып аламын деп жауап береді.Бір кезде біреу есік тарсылдатады.Азат есікті ашуға кеткенде,әкесі басқа жаққа барып,ащщы суын ішіп алады.Бір кезде Жақсылық ағамыз қайтып келсе,төрдегі орында сол Сарсен деген досы отыр екен.Жақсылық ағамыз бірден наразылығын білдіріп,бұл орынға ешкімге отыруға болмайды деп едім ғой дейді.Сарсен болса,отыра берейінші ешкім келмейді ғой дейді.Сол кезде Жақсылық ағамыз,оған ұрсып кете бер деп қалады.Сарсен болса орнынан тұрып,шынымен кетейін де деп сұрайды.Жакс ағамыз оны сөзбен алысқа апарып тастайды.Осыдан кейін бүкіл қонақтар үйлеріне кетеді.Артынан Азат әкесіне қарап,осы орындық үшін бәрі бытшыт болды ғой.Ал енді сол досың келді,отырды осы орынға бірдеңе өзгере ме,тек қана отырасыңдар ішіп дейді.Оған ашуланған әкесі,ұлының бетінен бір соғады.Азат болса ашуланып сыртқа шығып кетеді.Осылайша кетіп бара жатып жолға шыққанда,көлік қағып кетеді.Азат тірі қалады.Бір жігіт келіп,сен не істеп жатсың, менің жап жаңа көлігімді құрттың ғой,бампері сынды дейді.Азат болса,қайдағы жаңа,мына мерседестер ескі ғой дейді.Бірақ ол білмей тұр.Сөйтсе, 1994 жылда ояныпты.Осы уақытта дәл әкесі мен анасы үйленетін уақыт еді.Бас кезінде Азат маңайын қарап,бұның бәрі түс деп ойлайды.Түсім екен ғой деп,ол су сатып тұрған әйелден сусын алып,ақшасын төлемей жүріп кете береді.Сосын балмұздақ ұстап бара жатқан қыздан балмұздағын тартып алады.Түсі деп ойлап тұр ғой.Бір кезде ол әлгі Наргиз деген келетін қонақтың жас кезін көріп қалады. Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз! #КиноШолу #ЗаманBack2024