Алматының қақ ортасы «бомждардың» мекеніне айналды
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Алматының қақ ортасы "бомждардың" мекеніне айналды. Олар үйлерге көрпе-жастығымен баса көктеп кіріп, қонған жеріне тіпті дәрет сындырып кететін болған. Ол аздай, кейбірі "пәтерді өртейміз" деп сес көрсетеді екен. Бұл масқараны Назарбаевтың есімі берілген даңғылдың жұрты жайып салды. Тұрақты мекені жоқтардан мезі болған алматылықтар әкімдік пен полицияның ісі нәтижесіз дейді Есік ашсаң ащы суға тойып алып, тәтті ұйқыда жатқан масты көру Алматыдағы "Арбат" маңындағы тұрғындарға қалыпты жайтқа айналғандай. Бомждар да бұл үйге шақырылмаған қонақ болуды әдет қылған. Осылай деп шағымданған жұрттың айтуынша, панасыздар екі күннің бірінде кіріп алады. ГҮЛМИРА ЖАЙЫМБАЕВА, Алматы қаласының тұрғыны: Олар үнемі мас. Өте агрессивті. Ескерту жасауға қорқып қалдық. Түнде подъездерге топ болып кіріп алады. Күндіз ауладан кетпейді. Балалардың көзінше шешініп, дәрет сындырады. ТАИР ЧАНИРОВ, Алматы қаласының тұрғыны: "Мен сіздерде 15 жыл тұрып жүрмін" деп мақтанатындары да бар. Тұрғындарды мазаққа айналдырады. Бір жерден қусаң, келесі үйге кіріп алады. Дәлізде топтасып тойлайды, тіпті ұрлық та жасайды. ОРАЗАЙ НҰРТАЙҰЛЫ, тілші: Тұрғындардың айтуынша, тұрақты жері жоқ адамдар үйге кіріп кетудің түрлі амалын біліп алған. Әуелі бір пәтерге хабарласып көреді. Одан опа таппаса, есіктің ашылған сәтін аңдып отырады. Болмаса домофонның осындай тоғын кесіп, ішке емін-еркін кіріп жүре береді екен. Осылай тұрақты орны жоқтар тұрақты мекен тауып алады. Жалғыз жүрмей, бөтелкелес-көңілдестерін ерте келеді. Үйреніп алғандары соншалық бейнекамераны да пысқырмайды. Сөзге сенсек, көше кезгендер маңдағы дүкен-мейрамхананың жұмысына да кедергі. Тұрғындар "тәртіп сақшылары қол қусырып отыр" деуден аулақ. Бірақ олар кейбірін ұстап алып кеткенмен, қайта келіп алады дейді. Ал Алматы полициясы дәл осы аулада биыл 17-ден астам рейд жасағанын айтты. Және тиісті жұмыс жалғасады деп хабарлады. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық