Асық ату шеберлері Ақтөбеде
Шаһарда жастар арасында Асық ату спортынан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Дода облыста алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Чемпионаттың ашылу салтанаты бүгін Жекпе-жек сарайында өтті. Аймақ намысын ұлттық құраманың мүшесі Саят Қалқабай бастаған спортшылар қорғайды. Спорттық бәсекеде елдің 18 өңірінен келген 100-ден астам жас спортшы бақ сынауда. 2005-2008 жылдары туған ұл-қыздар қатысып жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің басты мақсаты — жас буын арасында ұлттық спортты насихаттау және өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру. Ұлттық спортты ұлықтаған дода ертеңгі чемпиондардың жолын ашатыны сөзсіз. Қазақстан чемпионаты 22-тамызға дейін жалғасады. Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/
Twitter / rika_kz Вконтакте https://vk.com/rikatv
Telegram https://t.me/evrikaaktobe