Қытайға жер сатылмасын жалға да берілмесін тақырыбындағы отырыс Әкімшілік кесірінен өтпей қалды.
Әкімшілік не себептен тәуелсіз азаматтардың Конституциялық құқын бұзады? Баспасөз өкілдері мен қоғам белсенділері бас қосатын келісім шарт жасалған орындарда әкімшілік нұсқау, әкімшілік бұйрық түрінде ғимарат иелеріне қысым жасап, нұсқау мен бұйрық түріндегі қысым нәтижесінде отырысты болдырмай тастауы бірінші де соңғы да жағдай емес. Бұл ҚР ҚК 450, 362, 369 т.б. баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін екенін Әкімшілік қызметкерлері біледі ие екен? Дәл осындай үрдіс Президент Әкімшілігіне де қатысты екенін олардың да құлақтарына қыстырып қойса артық болмас еді. Ерте мен кеш пен Әкімдерімен қоса ішкі саясат қызметеерлері де, жоғарыда аталған баптармен(заңсыз билікті иемдену, заңсыз билікті асыра пайдалану т.б.) қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін екенін билік иелері біледі ие екен? Заман ағымы сормаңдай қылмыстық жүйені ерте мен кеш пен ағызып кететінін санасыздар түйсіктерімен сезінеді мен екен?. Құдай әкімшілік қызметкерлеріне сана бер дейміз. Ал егер де сана бермесе оларды ала бер демекпіз (қай жаққа алатынын құдекең өзі біледі)