Ірі компаниялардың елдің инвестициялық ахуалына көңілі толмайды – инвесторлар одағы
Осы жылдың бірінші жартысында елдің негізгі капиталына 2,4 млрд доллар шетелдік инвестиция түскен. Өсу қарқыны былтырмен салыстырғанда 14,3 пайыз. Дегенмен оның жалпы ішкі өнімге қатынасы соңғы 5 жылда 8 пайызға азайған. Әсіресе тау-кен саласына қаржы тарту 20 пайызға кеміпті. Осыған байланысты Қазақстанның инвесторлар одағы 109 ірі компания арасында сауалнама жүргізіп, елдің инвестициялық климатын бағалауды сұраған. Бизнестің жартысынан астамы қанағаттанарлық деген баға берсе, 30 пайызға жуығы қолайсыз жағдайда отырғандарын алға тартыпты. Бұған олар заңнамадағы тұрақсыздық, мемлекеттің салаға шамадан тыс араласуы және әкімшілік кедергілерді айыптайды. Telegram Qaz - t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram Rus - t.me/atamekenbusiness Telegram Sport - t.me/atamekenbusiness_sport Telegram Auto - t.me/atamekenbusiness_auto Telegram Silk Way - t.me/atamekenbusiness_silkway Instagram - / atameken.business Instagram - / inbusinesskz Facebook - / atamekentv.kz Facebook - / inbusiness.kz Tik-Tok - / atamekenbusiness «Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv
Cайт - https://inbusiness.kz
#AtamekenBusiness #бастыжаңалықтар #НовостиКазахстана #Inbusinesskz #новостиказахстана #қазақстанжаңалықтары #atamekenbusiness #новости