Инклюзивті білім берудің бүгіні мен болашағы | Jibek Joly news
Қазақстан инклюзивті білім беру бойынша жаһандық диалогтың орталығына айналады. Алдағы уақытта елімізде инклюзивті білім беру мәселелеріне арналған жаһандық форум өтеді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен сарапшылар, педагогтар, үкіметтік және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысады деп күтілуді. Бүгінгі өңірлік форум аясында еліміздегі инклюзивті білім берудің бүгіні мен болашағы талқыланып, әлемдік тәжірибемен бөлісті. Қазақстан соңғы жылдары инклюзивті білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Мектептерде арнайы педагогтар мен тьюторлар саны артып, оқу бағдарламалары жетілдірілуде. Ал білім беру ортасын қолжетімді ету бағытында түрлі бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Статистикаға сүйенсек, елімізде қазіргі кезде ерекше білім алуды қажет ететін 230 мыңға жуық бала бар. «Jibek Joly» телеарнасы ұсынады! Теледидардан 7-ші батырманы қосуды ұмытпа! Бізді Youtube, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар! Jibek Joly TV: Смотрите нас на ТВ, в Youtube и социальных сетях. Оставляйте комментарии под этим видео! Watch us on satellite TV, Youtube and social networks. Leave your comments under this video! #JIBEKJOLYNEWS #ҚазақстанЖаңалықтары #НовостиКазахстана
 
  
             
  
             
  
             
  
             
  
             
  
             
  
             
  
            