"Қалаулым" - халық әні (сөздері астында описаниеде)
Сөздері: 1. Айналайын қарағым Қал жақсыма а-хоу, Сала берме көзіңді, Әр жақсыға қалаулым-ай. Сала берсең көзіңді әр жақсыға а-хоу, Бәрі жақсы көрінер, Алғашқыда қалаулым-ай. Қайырмасы: Алматы мен Қоғалай, Әркім көңілі жоғары-ай. Аса байлық не керек, Ден сау болса болғаны-ай. Жүгіріп шықтым белеске, Белес жақын емеспе. Осы отырған отырыс, Бір ғанибет емеспе-ай. 2. Мінген атым астымда Құла қасқа а-хоу. Шеңбер салдым құдыққа Құламасқа қалаулым - ай. Әдейі іздеп алдыңа мен барғанда а-хоу. Танымаған адамдай Тұра қашпа қалаулым-ай. Қайырмасы: Алматы мен Қоғалай, Әркім көңілі жоғары-ай. Аса байлық не керек, Ден сау болса болғаны-ай. Жүгіріп шықтым белеске, Белес жақын емеспе. Осы отырған отырыс, Бір ғанибет емеспе-ай.