G
enby!

Басшыдан қысым көрдім деген танымал әнші үндеу жариялады

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Түркістан облысындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы филармониядан шу шықты. Танымал дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева басшым қырындап, қыр көрсетті деп желіге бейнеүндеу жүктеген. Тіпті өнер ордасындағы проблемаларды айтқаным үшін тағы да директордың қаһарына ұшырап, сахнадан шеттетілдім деп отыр. Желіде жанайқайын жеткізген өнерпаз облыс әкімінен көмек сұрайды. Ал қара шаңырақты басқарып отырған азаматтың айтар өз уәжі бар. Тараптарды өңірдегі әріптесім Назерке Үкібасова тыңдап келді. Наркенже Серікбаеваның желіге жүктеген бейнеүндеуі көпшіліктің қызу талқысына түсті. Көзіне жас алған дәстүрлі әнші филармония басшысынан көрген қорлығым көп дейді. Өнерпаз директор анайы ұсыныстар айтып, ар-намысымды таптады. Көнбегенім үшін қысымға ұшырадым деп отыр. НАРКЕНЖЕ СЕРІКБАЕВА, дәстүрлі әнші: Мен сонымен махаббат құрмағаным үшін және де мен шындықты филармонияда не бар, не жоқ барлығын айтқаным үшін көріп келе жатқан қысымым бүгін шегіне жетті. Ақыр соңында мені сахнадан шеттетті. Болды қатыспайсың. Өйткені бұл жерде мен басшымын өзім білемін. Сенің киімің жоқ. Болды қатыспайсың деген. Барша жұмысшылардың көзінше айқайлап менің ар-намысыма тиді. Тыңдарманның сүйіктісіне айналған күміс көмей әнші облыс әкімінен араша сұрайды. Ал, Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония басшысы қарамағындағы қызметкерінің айтқандарын жоққа шығарды. Басы дауға қалған директор Наркенже Серікбаева заңды жұмыс орнында бір жылда жеті-ақ рет төбе көрсеткенін жеткізді. ҒАЛЫМЖАН ЕРНАЗАРОВ, Шәмші қалдаяқов атындағы облыстық филармония директоры: Наркенже Серікбаева деген қыз өзі мен концертке қатыспаймын деп айтады. Не болды десе өзімнің жеке шаруаларым бар, тойым бар деп. Одан кейін концерттік бағдарламаға біз оны қоспадық. Екі күн қалғанда ол кісінің әдеті бар «мен енді ән айтатын болдым. Мені концерттік бағдарламаға қосыңдар дейді. Маған жала жапқаны үшін сотқа беремін. Өнер ордасындағы шуға арнайы комиссия келіп араласты. Мәдениет басқармасынан келген мамандардың тексерісінен соң тараптар татуласты. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также