G
enby!

29-сабақ. Жай бөлшектерді, аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру.

Берілген бөлшектің толықтауыш көбейткішін табу үшін, жаңа бөлімді сол бөлшектің алғашқы бөліміне бөлу керек. Бөлшекті жаңа бөлімге келтіру үшін оның алымын да, бөлімін де көбейтетін сан толықтауыш көбейткіш деп аталады. Берілген бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігі сол бөлшектердің ең кіші ортақ бөлімі болады. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін: 1) берілген бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігін, яғни ең кіші ортақ бөлімін табу керек; 2) бөлшектердің әрқайсысы үшін толықтауыш көбейткішті табу керек; 3) әрбір бөлшектің алымы мен бөлімін сол бөлшектердің толықтауыш көбейткішіне көбейту керек.

Смотрите также