G
enby!

Бұл жігіт,ОТБАСЫ үшін БҮКІЛ МАФИЯҒА қарсы шығады | Ударное спасение 2024 фильм | Кино шолу

Әссәләму әлейкум достар.Қалдарыңыз қалай? Бүгін біз 2024 жылы шыққан "Ударное спасение" деген керемет боевик киноны қысқаша айтып береміз.Басты кейіпкеріміз Тони Джаа. Фильм күшті ұнады.Ендеше басынан аяғына дейін көрейік.Кеттік... Кино басында Вай Ан деген басты кейіпкеріміз жаттығып жатады.Сөйтсе,оның әйелін бандиттар өлтіріп кетіпті.Басты күдікті кәсіпкер ЮнгДжа деген кісі еді.Осы жағдайды жаңалықта айтып жатады.Содан базардың ішінде бір бандит телефонмен сөйлесіп,жұмыс істелді деп тапсырысын айтады.Сонда тұтқаны тыңдап тұрған Вай ан екен.Ол бірден мына бандиттің артынан қуа бастайды.Жаңағы бандит кісі болса қашып барып жігіттер отырған жерге келіп,менің артымнан келе жатқанды қуып шығыңдаршы дейді.Бірақ Вай Анның қандай екенін білмеді.Вай Ан болса ішке кіріп бүкіл адамдарды жан жаққа лақтырады.Ең соңында әлгі бандитті ұстап алып,менің отбасымды кім өлтірді деп сұрайды.Сонда әлгі жігіт,ЮнгДжа біздің бастық дейді.Вай Ан болса оны қайдан табуға болады деп сұрайды.Әлгі жігіт болса оның қызы мектептен шығады.Жеке оққағары көлікпен күтіп алады деп нөмірін айтып береді.Біраздан кейін Вай Ан сол көлікті мектептің алдында аңдып тұрады.Жаңағы ЮнгДжаның қызы мектептен шығады.Жеке оққағары қарсы алады.Осы кезде Вай Ан әдейі қызға соғылып қалады.Сосын кешірім сұрап кетіп қалады.Сөйтсе қыздың сөмкесіне дыбыс тыңдағыш салып жіберіпті.Осылай бүкіл әңгімені тыңдайды. Жаңағы қыз әкесімен қатты сөйлесе қоймайды.Айтпақшы қыздың есімі Тин.Әкесінің көмекшісі бар.Оң қолы.Ол Тинді сіңлісіндей бағып қарайды.Есімі Пин Лу.Тин болса ауылға барғысы келетінін айтады.Себебі,оның анасы сол жақта қайтыс болыпты.Содан ба білмедік, мектепте де бәрі оған тиісе береді.Ал директоры болса керісінше сол бұзақыларды қорғайды екен.Ақыры Юнг Джа өзінің кінәлі екенін сезініп ауылға барамыз деп шешеді.Бұл сапарды ешкім білмес еді.Тек қана жеке оққағары мен Пин Лу ғана біледі.Басқа жақта Лонг Тай деген бандитті көреміз.Оның қасында жүретін оң қолы бір қыз болады.Қолына балта алып төбелеседі.Дәл Рейдтегі актриса сияқты. Содан олар әлгі Юнг Джаның қарамағындағы бандиттардың бәрін қырып тастайды.Юнг Джа бірнеше көлікпен қызын алып жолға шығады.Ал осы кезде оларды Вай Ан аңдып отырады.Әлі де сол кек алу үшін еді.Бір кезде Юнг Джаның жолына бандиттар тұрып алады.Сосын қырылыс болып мыналарға шабуыл жасайды.Ішінде сол Лонг Тай бар еді.Лонг Тай адамдарымен Юнг Джаны алып кетеді.Ал қалғандары бір бірімен төбелесуде.Оққағар болса барынша Тинді қорғамақ.Осы кезде бірдеңе болып қалғанын сезген Вай Ан жетіп келеді.Оққағары болса бастығын құтқарамын деп,жүк көлікке дейін мініп алады.Бұл жерде әлгі жынды қызбен төбелеседі.Бірақ ең соңында бұл қыз мына жігітті құлатады.Әр жақта Вай Ан бандиттарды жан жаққа лақтырады да,тез арада Тинге отыр деп қалады.Таңдау болмағасын,Тин Вай Анның көлігіне отыра қояды.Бірақ жаңалыққа сенген қыз,Вай Аннан қорқады.Себебі,жаңалықта өзінің отбасын өлтірді деп жала тағылыпты.Лонг Тай мен тағы да бір кәсіпкер жұмыс істейді.Соған қарсы шыққан журналист бейшара азап көреді. Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз! #КиноШолу #ОбзорФильмов

Смотрите также