G
enby!

Фурқан сүресі (толық нұсқа)

Фурқан сүресі Құран кәрімнің жиырма бесінші сүресі. "Фурқан сүресі Меккеде түсті. Жетпіс жеті аяти кәрима. Дұрысты бұрыстан ажыратушы деген мағынадағы Құран кәрімнің есімдерінен болған және бірінші аяти кәримада өткен Фурқан сөзі сүреге есім болған. Сүреде Құран кәрімнің жіберілуінің хикметтері, мүшриктердің (Аллаһу та’алаға ортақ қосқандардың) Құран кәрім және Расуллуллаһ алейһиссаламға қарсы ұстанымдары, Аллаһу та’аланың құдіреті және ұлылығы, пайғамбарлық, қияметтің жағдайлары, халисты (ихласты) мүминдердің қасиеттері айтылады." (Қуртуби, Табарани) Аллаһу та’ала Фурқан сүресінде былай дейді: «Адамды судан жаратып, туыс-бауыр берген Аллаһу та’ала.» (Аят 54) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймьн. Бүкіл әлемге бір ескертуші болуы үшін құлына (жақсы-жаманды айыратын) Құранды түсірген Алла өте жоғары. (1) Көктер мен жердің патшалығы Онікі. Ол, ешкімді бала қылып алмады да Оның патшалығында ешбір ортағы жоқ. Сондай-ақ әр нәрсені жаратып, оның өлшеуін белгіледі. (2) (Сонда да) олар Алладан өзге, бір нәрсені жарата алмайтын, өздері жаратылатын, сондай-ақ өздеріне де пайда, зиян келтіру күшіне және өлтіру, тірілту тағы өлгенді қайта тірілту күшіне ие болмағандарды тәңір жасап алды. (3) Сондай кәпірлер: “Бұл Құран мүлде жасанды. Оны өзі шығарды, оған басқа ел де көмектесті” деп, олар орынсыз жала жапсырды. (4) Және олар: “Ол Құран бұрынғылардың аңызы. Оны, бұл жаздырып алады да, ертелі-кеш өзіне оқылады” деді. (5) (Мұхаммед Ғ.С.): “Құранды көктер мен жердің сырын білетін Алла түсірді. Рас Алла өте жарылқаушы, тым мейірімді” де. (6) Тағы олар: “Бұл қалай Пайғамбар? Тамақ жейді, базарларда жүреді. Неге оған, онымен бірге жүріп, қорқытатын періште түсірмейді?”,-десті. (7) “Немесе оған (шаңырақтан) бір қазына тасталса не оның бір қоректенетін бақшасы болса еді.” Сөйтіп залымдар: “Сендер мүлде жадыланған кісіге ересіңдер” деді. (8) (Мұхаммед Ғ.С.) Қара! Сен үшін қалай мысалдар берді. Енді олар жол таба алмайтын түрде адасты. (9) Сондай молшылық иесі Алла қаласа, бұлардан да жақсы, астарынан өзендер ағатын бақшалар бере алады. Тағы сен үшін; сарайлар жасай алады. (10) Бірақ олар қияметті жасынға шығарады. Қияметті жасынға шығарғандар үшін; қайнаған тозақты әзірледік. (11) Тозақ, оларды ұзақ бір жерден көрген сәтте, олар оның қайнап, күркірегенін естиді. (12) Олар, тозақтың тар бір жеріне қолдары, мойындарына байлаулы тасталғанда, сол жерде жоқ болуды қалайды. (13) “Бүгін бір-ақ жоқ болуды тілемеңдер! Көптеген жоқ болуды тілеңдер” (делінеді). (14) (Мұхаммед Ғ.С.): “Осы азап жақсы ма? Немесе тақуалар үшін сыйлық әрі барар орын түрінде уәде етілген мәңгілік жаннат жақсы ма?”,- де. (15) Олар мәңгі қалатын жаннаттта, не тілесе бар. Бұл, Раббың міндетті түрде орындайтын бір уәде. (16) Ол; сол күні, оларды және Алладан өзге табынғандарын жинайды. Сонда олардан: “Осы құлдарымды сендер адастырдыңдар ма? Немесе жолдан өздері адасты ма?”,- деп сұрайды. (17) (Ол табынылғандар): “Сен пәксің. Бізге Сенен өзгені ие қылуымыз лайық емес. Бірақ Сен, оларды да аталарын да қамтамасыз еттің. Тіпті Сені еске алуды ұмытты да жоғалуға лайық бір ел болды” деді. (18) Әрі қарай Фурқан сүресінің соңғы аяттары: Сондай мол игілік иесі Алла, аспандағы жұлдыздардың орнын жаратып, онда бір жарық (күн) және сәуле беруші айды жаратты. (61) Ол, сондай үгіт алғысы немесе шүкір еткісі келген кісі үшін түн мен күндізді, бірін-біріне ертіп қойды. (62) Рахманның құлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға білместер тіл тигізсе де: “Сәлеметшілік” деп, дұрыс жауап береді. (63) Олар түнді, Раббыларына сәжде қылу, тіке тұрумен өткізеді. (64) Олар: “Раббымыз! Тозақ азабын аулақ қыл! Рас оның азабы тұрақты” дейді. (65) Шынында ол; орынның да, мекеннің де жаманы. (66) Олар мал сарып қылғанда, ысрап та қылмай, сараңдық та істемей, осы орталықта тұрады. (67) Олар Алламен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Алла өлтірілуін арам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де зина қылмайды. Кімде-кім оларды істесе, күнәға жолығады. (68) Қиямет күні, еселеніп азап болады. Олар онда қор болып, мүлде қалады. (69) Бірақ кімде-кім тәубе қылса, сондай-ақ кім иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне Алла олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді. (70) Кімде-кім тәубе қылып, түзу іс істесе, рас ол, Аллаға лайықты түрде қайтқан болады. (71) Олар өтірікке айғақ болмайды да, бос (пайдасыз) сөздерге кездессе, маңғазданып өтеді. (72) Қашан оларға Раббыларының аяттары арқылы үгіт берілсе, оған құлақ салмай, көз жұмып, кете бермейді. (73) Олар: “Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!”,- дейді. (74) Міне бұлар, сабыр еткендіктері себепті жоғарғы сыйлыққа бөленеді. Аман-сәлеммен қарсы алынады. (75) Олар онда мәңгі қалады. Ол нендей көркем тұрақ, жақсы орын! (76) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Егер құлшылықтарың болмаса, Раббым, сендерді неге бағаласын? Рас сендер жасынға айналдырдыңдар. Сондықтан азапқа душар боласыңдар” де.

Смотрите также