Атырау қаласының іргесіндегі Мирас ықшамауданының халқы уәдені орындамаған аймақ атқамінерлеріне...
Атырау қаласының іргесіндегі Мирас ықшамауданының халқы уәдесін орындамай отырған аймақ атқамінерлеріне өкпелі. Соңғы жылдары толассыз жауған жаңбырдан жерасты суы көтеріліп, үйлері құлап, ауласын кәріз суы басқан ашулы халық биыл да дәл сол жағдай қайталана ма деп уайымдайды. Кәріз жүйесін жүргізуге уәде берген жауаптылардың жұмысы сағызша созылғанын айтады.