“Аяғыма оқ тиіп, түрмеде екі ай азаптады” Қаңтарға қатысқандар шындығын айтты.
                        
                        2022 жылдың 2 қаңтарында Жаңаөзен халқы сұйытылған газ бағасының 60 теңгеден 120 теңгеге қымбаттауына қарсы наразылыққа шықты. Қалада наразылар саны үш мыңнан асты. Келесі күні Жаңаөзендегі шеруді Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Астанада жұрт қолдап, жиналды. Полиция наразыларды ұстай бастады. Сұйытылған газ бағасы 50 теңге болады делінгенімен, наразылық тоқтамады.  Жұрт елдегі қымбатшылық мәселесін көтеріп, биліктің отставкасын талап етті. Наразылық күшейіп, соңы тәртіпсіздікке ұласты.  Алаңға жиналғандарға полиция көзден жас ағызатын газ, шулы граната, резеңке оқ атқан.  5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті. Сол күні Алматыда атыс басталды. Белгісіз адамдар тобы әкімдікті басып кіріп, өртеген. Сондай-ақ телеарналар мен прокуратура ғимаратын бүлдірді. Мұндай тәртіпсіздіктер елдің өзге қалаларында да болды.   Тоқаев 5 қаңтар күні елде төтенше жағдай жарияланды. Президент елге "террористік бандалар" шабуыл жасады деп, ҰҚШҰ ұйымынан әскери көмек сұрады. Алайда елге шабуылдаған “20 содырдың” кім екені нақты айтылмады.   Ресми мәліметтер бойынша, Қаңтар оқиғасы кезінде 238 адам қаза тапқан. Олардың 19-ы әскери қызметкерлер мен құқық қорғау өкілдері. Толығырақ видеодан көріңіз!  Қазақ тіліндегі жаңалықтарына жазылыңыз!  Қазақстан мен әлемнің барлық маңызды жаңалықтарын біздің сайтымыздан оқыңыз: https://stan.kz/
  Біздің каналымызға тіркеліп, ең қызықты видеоларды көріңіз.    / @stankz1    Қазақстан мен әлемдегі оқиғаларды әлеуметтік желідегі парақшамыздан бақылаңыз.    / editor.stankz   https://vk.com/stankz
   / _stan.kz     / stan.kz      
                    
                    
Смотрите также
 
  
            
         
  
            
         
  
             
  
             
  
             
  
             
  
             
  
            