G
enby!

«Қызылорда-Ақтөбе» жолы кеңейеді

#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #ақтөбе #автожол Биыл «Қызылорда-Ақтөбе» бағытындағы 4 жолақты күре жолдың құрылысы басталады. Осы орайда Қызылорда қаласынан айналма жолды салу жобасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Қызылорда мен Ақтөбені байланыстыратын автожолды бірінші санатқа ауыстыру жайы көптің көкейіндегі мәселе еді. Жасыраты жоқ, жол апаттарының жиілеуі де жұртшылықтың үрейін үдете түскен. Мемлекет басшысының тапсырмасынан соң жобаны жедел іске асыру жайы қолға алынды. Алдымен қала маңында айналма жол басталса, мұнан соң Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 464 шақырым жол 1-санатқа ауысады. Ерекшелігі сол, екі бағыттағы жолдың арасында 25 метрлік кеңістік болады. Мұндай жол салу тәжірибесі елімізде алғаш рет іске аспақ. БАХЫТ ЖАХАНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ / 1 – кезең бойынша Қызылорда қаласының айналма жолын салу жобасының техникалық экономикалық негіздемесі әзірленіп мемлекеттік сараптаманың оң қорытындасы алынды. Жоба құны – 46,3 млрд. теңге. 2 – кезең бойынша Қызылорда-Сексеуіл аралығындағы автомобиль жолын реконструкциялаудың жобасы әзірленіп, техникалық экономикалық негіздемесі мемлекттік сараптаманың қарауында. Қыркүйек-қазан айларында басталады деп отырмыз. Бұл жол ерекшелігі Қазақстанда бұрын-соңды болмаған. 4 жолақты болғанмен екі жолдың ортасында бір жақ беті 2 жолақ, екінші жағы да 2 жолақ арасында 25 метр болады. Бір біріне жақын орналаспайды жол бойында апаттық жағдай аза болады деп күтілуде. // Сонымен қатар аймақ үшін маңызды жоба «Қызылорда-Жезқазған» бағытындағы жолдың облыс аумағындағы бөлігі биыл толық аяқталады. Былтыр 151 шақырымға реконструкциялау жүрсе, биыл 65 шақырым жол салынады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live
Facebook -   / qyzylordatv   Instagram -   / qyzylordatv   Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv
Tiktok -  / qyzylorda_tv  

Смотрите также