G
enby!

Осымен бәрі бітті. Соңғы сот отырысы #шерзатполат

Талдықорғанда қоғамда үлкен резонанс тудырған 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Бүгін тараптардың жарыссөзі аяқталды, сотталушылар өз пікірлерін айтты. Судья Ержан Жанұзақов сотталушыларға соңғы сөз айтуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Orda.kz. Алғаш болып сөз алған әрі араларында соңғы сөзде ұзақ сөйлеген Азамат Тоқтаубаев судьядан өзін 7 жыл 2 ай мерзімге бостандығынан айыруды сұрады. «Бір үйден екі азамат кетіп отырмыз. Бала-шағамыз асыраушысыз қалды. Бұрын істі болдым. Бірақ үйленіп, балалы болған соң өмірге деген көзқарасым өзгерді. Ішкі арпалысыммен алысып жүрмін. Қуықтай уақытша ұстау изоляторында жатырмыз, бала-шағаны ойлаймыз. Мен өзімді қоғамға қатты бір қауіпті адам деп санамаймын. Қазақ елінен кешірім сұраймын, халық жауы емеспін. Сонымен қатар блогер Жан Ахмадиевтің әлеуметтік желіде айтылған сөздеріне де айтарым, мен жауыз емеспін. Мені 7 жыл 2 ай мерзіммен қалдыруыңызды сұраймын. Сонымен қатар, анамнан кешірім сұраймын. Анашым, кешіріңіз бізді» – деп сөзін аяқтады Азамат Тоқтаубаев. Азаматтың ағасы Нұрбол Тоқтаубаев қасындағы жігіттер мен оның ата-аналарынан кешірім сұрайтынын айтты. Еске сала кетейік, ол Дархан Әскентайға барып, ары қарай қоңырау шалып, қалған күдіктілерді шақырған еді. Көпшіліктен кешірім сұрап, судьядан жеңіл жаза беруді сұрады. Дархан Әскентай 2006 жылы әкесінен, араға екі жыл салып анасынан айырылғанын, енді үйленгелі жүргенде осындай қайғылы оқиға болғанына өкінетінін айтты. Әскентай судьядан кешірім беруін, әділ жаза тағайындауын сұрады. Шыңғыс Белғожаев өзіне бас бостандығынан айырмайтын жаза беруді сұрады. Ал кәмелеттік жасқа толмаған Думан Ысқақ судьядан өзін ақтауды сұрады. Думан Ысқақ бұл оқиға оған өмірлік сабақ болғанын жеткізді. Ілиясов Нұрқияс істеген әрекетін мойындайтынын, Ғайыпбаевқа қорғану мақсатында ғана соққы жасағанын айтып, әділ шешім шығаруды сұрады. Ал Дидар Қалиахмет өзіне тағылып отырған айыппен келіспейтінін айтып, өзін ақтауды сұрады. Равиль Сәкиев Шерзаттың анасынан өкініп тұрып кешірім сұрайтын айтты. Төбелесте тек Ғайыпбаевты ғана ұрғанын, қолында не пышақ, не мылтық болмағанын айтты. Ол өзін түбегейлі кінәлі емес демейтінін, алайда тек жасаған әрекетіне қарай ғана жаза беруді сұрады. Абзал Шынасыл Ғайыпбаевты мылтық атқаны үшін ашуланып, үш рет пышақ сұғып алғанын айтып, әділ шешім шығаруды сұрады. Ол бұған дейін Шерзатқа пышақ сұққанын жоққа шығарған еді. Сот қылмыстық іс бойынша үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Үкім 5 маусым күні сағат 16:00-де шығады. Қоғамды дүр сілкіндірген Шерзат Полаттың ісі бойынша негізгі сот отырыс осымен бітті. Алдағы уақытта үкім шығады. Бүгін сот залында сотталушыларға соңғы сөз берілгенде олардың ата-аналары да, өздері де көздеріне жас алды. Сот залындағы адамдар күйініп, сезімге ерік беріп, үлкен бір толқыныста болды. Судья тоғыз сотталушыға уақыт шектеуінсіз-ақ соңғы сөздерін айтуға мүмкіндік берді. Олардың кейбірі кінәсін мүлде мойындамаса, кейбірі тек жартылай ғана мойындайтынын айтты. Бір айта кетерлігі, ақыры сотталушылардың ешқайсысы Шерзатты нақты кім өлтіргенін мойындамады. Еске сала кетсек, 2024 жылы Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды. #шерзатполат #news #астана #новости #сототырысы #судшерзата #жаңалықтар #абзалшынасыл #қаржаубайнұрымов

Смотрите также