Тони Блэр Газада құрылатын кеңесті басқаруы мүмкін
ХАМАС Президент Дональд Трамптың Газа секторы бойынша бейбіт жоспарына өзгертулер енгізеді. Бұл туралы қозғалыстың мүшесі Мұхаммед Наззаль мәлімдеді. Ақ үй басшысының ұсынған құжаты 20 тармақтан тұрады. Оны Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қолдап отыр. Жоспарға сай, Газа секторын Бейбітшілік кеңесі басқаруға тиіс. Оған танымал британиялық саясаткер Тони Блэр жетекшілік етуі мүмкін деген ақпар тарады. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24