Елорданың «Жасыл белдеуіне» 7,5 мың ағаш отырғызылды
5 жыл ішінде «Семей орманы» резерваты, Іле-Алатау ұлттық паркі және Астананың «Жасыл белдеуіндегі» орман алқаптарына 4 миллионнан астам қарағай көшеті отырғызылады. Мыңдаған гектар жерді жасыл желекке айналдыру – Тимур Құлыбаевтың «Халық» қайырымдылық қорының бастамасымен биыл қолға алынған,, «Halyk орманы» жобасының мақсаты. Бастама аясында елорда іргесінде 7 жарым мың түп ағаш отырғызылды. Бұл - елорданың «Жасыл белдеуі» аумағындағы Вячеслав орманшылығы. «Halyk орманы» жобасының биылғы ағаш егу маусымы осы жерде қорытындыланды. Қайырымдылық қорының қолдауымен алғашқы лекте 3 гектарына көшет егілді. Ал 5 жылда 100 гектары қамтылады. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24
Смотрите также
