Шұғыл шақырылым 31.07.2025
Шымкент — Түркістан тас жолында, қаладан шыға берісте ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды. Toyota жеңіл автокөлігі мен «Газель» жүк көлігі соқтығысты. Қатты соққыдан кейін жеңіл көлік отқа оранып, жалын қозғалтқыш бөлігін шарпыды. Бұл жарылыс қаупін тудырып, оқиға орнындағы адамдардың үрейІн алды. Жеңіл көлік жүргізушісі күтпеген жерден оқиға орнын тастап, көлікті сол күйі қалдырып, белгісіз бағытқа қашып кетті. Ол көмек те күтпеді, өзгелерге де көмек көрсеткен жоқ. Оқиға орнына жол полициясы мен төтенше жағдайлар қызметкерлері келіп, болған оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Редакцияның пікірі автордың пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін / Мнение редакции может не совпадать с мнением автора. Басқа жаңалықтар: https://kz.otyrar.kz
Еще новости: https://otyrar.kz