G
enby!

4.2 Ақыл тәрбиесі деген не?

4-модуль: ««Ақыл тәрбиесі»», 2-сабақ: Ақыл тәрбиесі деген не? Практика: 1. Кездесу ұйымдастыру: Мүмкіндігінше бір аптаның ішінде балаңыздың мұғалімі не тәрбиешісімен кездесу ұйымдастырыңыз. Сұқбаттасыңыз. Балаңыздың жасына сай білім қорын бағалап көріңіз. Мектеп оқушысы болса жалпы үлгерімін бақылаңыз. Маманмен қалай атсалыса алатыныңызды ойластырыңыз. 2. Сөздік қорын байыту: Балаңыздың қызығушылығына қарай бір кітап сатып алып беріңіз. Жасына қарамай, жай кітап дүкеніне бірге барыңыз. Бала өзі ақ таңдайды. Сосын сол кітаппен танысуына барынша жағдай жасаңыз. Бұл әрекетті айына кемі бір рет қайталаңыз.

Смотрите также