ТАЗА ЭНЕРГИЯҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТЫП КЕЛЕДІ
Үндістанда жаңартылатын энергия жабдықтарына қосылған құн салығы 12 пайыздан 5 пайызға дейін төмендетілді. Бұл шешім 22 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Сарапшылардың пікірінше, жаңа өзгеріс жабдық құнын айтарлықтай арзандатып, күн және жел стансалары секілді жаңа қуат көздерін жылдам іске қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы сұранысты арттырып, тұтынушылар үшін құрылғыларды қолжетімді етеді.