Америкадағы жас ата-аналар: арман мен жауапкершілік. Подкаст Ayaldama vol 7.0
🎙 Ayaldama-ның жаңа шығарылымы эфирде! Бүгін біз жас отбасылық өмір, шетелде ата-ана болу және мектептен алған тәрбие мен құндылықтардың жаңа елде қалай көмектесетіні жайлы әңгімелесеміз. 👶🏻 Жас ата-ана болу оңай емес, ал бұл жолды Америкада бастау - мүлдем бөлек сынақ. Бұл эпизод - білім алу үшін елден кеткеннен кейін, отбасын құрып, жаңа ортада өмір бастаған жас түлектердің әңгімесі. 💬 Біз бірге талқылаймыз: — Жас ата-ана ретінде Америкадағы күнделікті өмір: қиындықтары мен қуанышы. — NIS қабырғасынан алған тәжірибе мен құндылықтардың жаңа елде қалай қолдау болғаны. — Шетелде оқу мен отбасылық өмірді үйлестірудің сыры. — Жаңа ортаға бейімделу, алыс жерде өз тамырыңды ұмытпау. 🌍 Бұл эпизод - шетелге кетіп, өз өмірінің жаңа тарауын бастап жатқан жас түлектер үшін үлкен шабыт көзі. 🎧 Қосылып тыңда, ❤️ басып, осындай жолда жүрген достарыңмен бөліс. Ayaldama-да біз ең шынайы тарихтарды айтамыз.
Смотрите также
