Алматы облысында 3 жылда 367 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды
СУФЛЕР. Алматы облысында соңғы үш жыл ішінде жалпы көлемі 367 мың гектардан асатын мыңнан астам жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде 100 мың гектары ауыл шаруашылығы айналымына қайта енгізіліп, игеріле бастады. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат- жер ресурстарын тиімді пайдалану арқылы ауыл шаруашылығын дамытып, ел экономикасына серпін беру. Сонымен қатар, аудандық және қалалық әкімдіктер жер инспекциясына пайдаланылмай жатқан 800-ден аса жер теліміне қатысты материалдарды жолдаған. Аталған ауылшаруашылық және коммерциялық бағыттағы учаскелер де алдағы уақытта мемлекетке қайтарылмақ.